Әкімдердің әлеуметтік желідегі әрекеті
Барлығымыз өткен аптада, аяқастынан Әлеуметтік желіде шенеуіктердің аккаунт ашу кезеңіне тап болдық.
Шенеуіктің аккаунты екендігін бірден білуге болатын өз белгісі бар.
Олар міндетті түрде галстук, кастюм-шалбармен түседі, содан кейін, қабақтары түюлі, немесе, мүлдемге эмоция жоқ.
Еліміздің туы мен гербіне жабысып тұрады. Оның қандай мәні бар екендігін түсінбедік. Әлде, "елдегі билік үлкенді-кішілі, біздің қолда, билікті өлсек те бермейміз" деген сұс па,әлде әсіре патриотизм бе, әзірше түсінбедік.
Ақжарқын, күліп тұрған, пейіл көрсеткен фон аз.
Бұл шенеуіктердің қоғаммен, азаматтармен, халықпен жақындасуға әлі де дайын емес екендігін көрсетсе керек.
Әрине, басшылардың арасында аккаунттарын, дөңгелетіп, айналдырып алып кеткен, желіде жұмысын көрсетіп жүрген азаматтар да бар. Олар қоғам мен биліктің осынау байланыс қүралы өте оңтайлы екендігін түсінген озық әкім деуге болады.
Ал енді, әкім-қараның басым көпшілігіне келсек, аккаунт қоғаммен байланыстың жақсы құралы.
Әлеуметтік желі арқылы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, ауыл, аудан, облыстағы түйінді проблемалар жөнінде елдің тамырын басып отыруға болады.
Ауылдағы медицина, байланыс, мәдениет, мектептердің жағдайы жөнінде ақпарат.
Ауылдағы әлеуметтік жағдайы нашар, көмекке жұқтаж жанұялар жөніндегі ақпарат жиюдың әдісі ретінде пайдалануға болары сөзсіз.
Мүмкін, әкімдерге әлеуметтік желіні қалай пайдалану жөнінде оқу-практикалық семинарлар өткізу қажет болар. Ол семинардың бағдарламасын да жасауға болады.
Желі тек міндет емес, әлеуметтік байланыс орнатудың орасан-зор мүмкіншілігі.
Менің ойымша, әкім-қаралар әлеуметтік желімен не істерін білмей отырған тәрізді. Аккаунттарын ашып алды да, үнсіз қалды.
"Жаңа өмірдің жаңа белестері" дегеніміз осы.
Ерлан Саировтың facebook парақшасынан
Abai.kz