Сенбі, 23 Қараша 2024
4607 0 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 19:43

Үй жануарларының қатысуымен болған жол көлік оқиғаларында мал иесі жауапкершілікке тартыла ма?

Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры
 Ғ.Д. Нұрдәулетовке

Құрметті Ғизат Дәуренбекұлы!

Мемлекеттік құзыретті органдардың ресми мәліметіне сәйкес тек 2017 жыл мен 2018 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615 және 620-баптарымен  үй жануарларының қатысуымен болған жол көлік оқиғалары бойынша  400 адам, яғни осыншама мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратура біздің атымызға жолдаған мәліметінде (№ 2-010317-19-10476)  «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңының және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларына сәйкес мал иелері жол қозғалысының қатысушыларына жатпайтыны және олардың әкімшілік жауапкершілік субъектісі болмайтыны туралы нақты көрсеткен.

Айта кетуіміз керек, қадағалау органының мұндай шешімге келуіне олардың атына Мәжіліс депутаттарының арнайы жазған хаты түрткі болды. Онда Біз  былтыр  «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен болған қоғамдық қабылдауда жергілікті азаматтардың жоғарыда аталған деректер бойынша жазықсыз жауапкершілікке тартылып жатқандығы туралы шағымдарын баяндай келе, араша болуды өтіндік.

Құзырлы орган өз жауабында депутаттардың атап көрсеткен уәждерінің барлығы өз дәлелдерін тауып, Жоғарғы Сотқа наразылық беріліп, соның нәтижесінде әкімшілік сот практикасы өзгеріп, ендігі кезекте жол көлік оқиғалары бойынша мал иелері көрсетілген баппен жауапкершілікке тартылуға жатпайтындығы баяндалған.

Алайда, заңсыз жауапкершілікке тартылған қаншама азаматтарымыздың құқығы толық қорғалмаған. Өйткені кассациялық тәртіппен заңды күшіне еніп кеткен сот қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру тек лауазымды тұлғалардың ұсынысымен немесе наразылығымен ғана жүзеге асады. Ал жазықсыз жауапкершілікке тартылған азаматтардың барлығы дерлік тиісті органдар мен соттарға шағымданып, әділдікке жете алмаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  765- бабының талабына сәйкес құқық бұзушылық туралы хаттама дәлелдеме болып табылады және де олар заңның талабына сай жинақталуы қажет. Ал әкімшілік іс қарайтын лауазымды тұлғалармен судьялар іс қарау барысында жинақталған дәлелдемелерге құқықтық баға беріп, егер олар кодекстің талабына сай болмаған жағдайда күшін жоюға (765-бабтың 3) тармақшасы  және 8-бабының 2-тармағы) және заңдылықты сақтауға міндетті.

Бірақ, барлық әкімшілік іс бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың толтырған заңсыз құқық бұзушылық туралы хаттамаларына  лауазымды адаммен немесе сотпен  істі қарау барысында құқықтық баға  бір жақты, үстүрт беріліп, олардың - дәлел ретінде күші жойылмаған.

Әрбір заңсыз уәкілетті органмен сот қаулыларының артында қарапайым азаматтардың тапталған құқығы мен қаржылай шығындары тұр, олардың көз жасы мен реніші  -  сот әділдігіне, жалпы билікке деген сенімінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Осы орайда шығыстың «егер елді, қоғамды бүлдіргің келсе, жазықсыздарды жазалап, ал кінәлілерді ақтап отыр»  деген нақыл сөздері ойға келеді.

Құрметті Ғизат Дәуренбекұлы!

Аталған мән-жайлар бойынша әкімшілік құқықтық және сот практикасын тағы да қосымша зерделеп, анықталған заң бұзушылық бойынша тиісті прокурорлық қадағалау актілерін қабылдап, жоғарыда аталған мемлекеттік органдар мен сот қаулыларын бұзуға және де соның нәтижесімен басқа да заңмен көзделген шараларды қарастыруға;

Нәтижесі туралы жауапты заңда белгіленген мерзімде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Nur Otan»  партиясы
Фракциясының мүшелері,
Мәжіліс депутаттары

М. Махамбетов
Д. Мыңбай
С. Қаныбеков

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458