Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Алаң 5658 17 пікір 25 Сәуір, 2019 сағат 10:49

Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер сайлауда Тоқаевты қолдайды

Кеше, 24 сәуірде Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залында “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының” II құрылтайы өтті. 

Серік Құсанбаев, Аманжол Әлтаев, Серік Қалиев, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров қатарлы танымал ақындардан президиум өкілдері сайланған бұл құрылтайға Қазақстанның барлық облысынан төл өнердің өкілдері қатысуда.

Құрылтайды ашып, сөйлеген Одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ерман қазіргі билікке деген наразылығын да жасырып қала алмады. Айтысқа үнемі билік тарапынан қысым жасалып, телеарналардың айтысты қиып, үзіп-жұлып беретінін  де айтты. Айтыстың өткен кеткеніне тоқталған Жүрсін Молдашұлы елдегі саяси жағдайлардан ақындардың да тыс қалмауын сұрады.

“Алдымызда президент сайлауы, парламент сайлауы келе жатыр. Парламент сайлауына неге біздің  ақындар да қатыспасқа? Жалғыз Айбек Қалиев қана Арқалықта қалалық мәслихаттың депутаты болып жүр. Парламенттің төрінде Аманжол Әлтаев, Ринат Зайытов, Бауыржан Халиолла отырса Парламенттің қабырғасы қисайып қала ма екен?” деген Жүрсін Ерман ақындар елдің сөзін қай ортада да айтатынын тілге тиек етті.

Одан кейін сөз алған Құдайберлі Мырзабеков, Бақыт Жағыпарұлы, Ербол Қамбатыров, Серік Қалиев, Бауыржан Халиолла, Мұхтар Ниязовтар айтыстың кем-кетігі мен болашақтағы атқарылмақ істерге өз көзқарастарын білдірді. Жаһандану дәуірінде осы бір бекзат өнерді қайтсек ары қарай дамытсақ, қазіргі деңгейінен де биікке көтерсек деген ақындар облыстармен тығыз жұмыс жасау керектігін айтты.

Президиум тізгінін ұстап отырған Аманжол Әлтаев Жүрсін Ерманның айтысқа сіңірген еңбегіне тоқтала келіп, жас ақындарға іздену керектігін айтты.

Сөз аяғында “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының” Басқарма Төрағасы Жүрсін Ерман “елде саяси науқан басталғанын, сол сайлауға біздің Одақтың да ат салысып, қатыссақ деген ойы болғанын” жасырмады. Бұл ойы биліктің Одаққа деген назарын аударса деді.

Құрылтай соңында Одақтың басқарма төрағасы айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің алдағы сайлауда Елбасы Назарбаев ұсынған кандидат Қ. Тоқаевты қолдайтынын айтты.

Құрылтай сәтті өтіп, айтыстың алдағы даму жолы болжанып, ұлттық өнерді  бұдан да биік өреге көтеруге жоспарлар жасалды.

Дереккөз: Adyrna.kz 

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019