Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 5515 25 пікір 6 Мамыр, 2019 сағат 13:27

Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Әміржан Қосановты тіркеді. 

Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігін тапсырды.

Қаулы жобасы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихданов баяндама жасады. Оның айтуынша, бұған дейін Ә.Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сай деп таныды. Кандидат Қосанов қажетті қолдардың санын да жинап шықты.

«Хаттамалардың нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның 14 өңірінен Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолы жиналды, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды», - деді Ихданов.

«Оразаның алғашқы күні сайлау комиссиясының бізге куәлік бергенін жақсы ырымға балап отырмын. 7-ші нөмір екен. Мен куәлікті жетінші болып алып отырмын. Оны да жақсылыққа балап отырмын. Жасыратыны жоқ, мені ұсыну және қол жинау кезінде біраз күмән болды. Осы Қосанов сайлауға тіркеле ме, тіркелмей ме деген күмән болды, әртүрлі арандатулар болды. Қасақана жасалған бір ақпараттық шабуылдар да болды. Осы күнге дейін мен және менің әріптестерім тіркеу болмайтын шығар деп ойладық. Бірақ бүгінгі күн Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әділ сайлау өткізуге кепілдік беремін» деген сөзінің бір нышаны деп білемін, солай қабылдаймын», - дейді Ә.Қосанов.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371