Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
5330 1 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 11:00

Жүзге жуық адам Ресей туы көтерілген "Мәңгілік полк" шеруіне қатысудан бас тартқан

Душанбеде жүзге жуық адам "Мәңгілік полк" шеруіне қатысудан бас тартты.

Олар бұл жолғы акцияның тым саясиланып кеткенін, Ресей туын алып жүретін шеруге қатысудан бас тартқанын айтады.

"Мәңгілік полк" — Екінші дүниежүзілік соғысқа біздің жерімізді қорғау үшін қатысқан аталарымзды еске алуға арналған. Бірақ бұл акцияда негізінен Ресей туын көтеріп жүреді. Сондықтан біз өзіміздің шеруімізді өткізуді шештік",- дейді акцияға қатысудан бас тартқан азаматтардың бірі.

Былтыр ресми рұқсат етілмегеніне қарамастан, Душанбеде "Мәңгілік полк" шеруі өткен.

"Мәңгілік полк" — 9 мамырда Ресейдің және басқа бірқатар елдердің қалаларында өтіп келе жатқан қоғамдық акция. Оның қатысушылары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін көтеріп, жүріп өтуі тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1251
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 899
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849