Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6181 6 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 15:38

Түбінде солар адам болады

Астанада жап-жас отбасылар балаларын үнемі орысша сөйлетуге аса құмар екенін көріп, солардың бәрін қалада өсіп, орысша білім алғандар екен деп ойлайтынмын. Сөйтсем, мүлде олай емес екен.

Тәуелсіздік жылдарында отау құрып, балалы-шағалы болған әлгі орысшылдар көріп берейін десең де, бір орысы жоқ ауылда өскен, мектепті, университетті қазақша оқып бітіргендер болып шықты. Тіпті, олардың орыс тілінен сауаттары өте төмен екендіктерін де аңғардым. Орысша бір сөйлемді қатесіз құрып жазуға қабілетсіздіктері, тұрмыстық бірауыз сөздің өзін түсінікті етіп айта алмайтындары тіпті, таңғалдырды.

Сонда, «қой көрмеген қуалап өлтіреді» демекші, өзі үйренбеген жат тілді баласына тықпалап, бас қатырып жүрген бұл «Мырқымбайдың қыздарынікі» не әурешілік?

Ал, қалада өскен, орысша оқыған жастардың арасында керісінше, ана тілін үйренуге тырысатын, акцентпен болса да балаларына қазақша сөйлеуге ден қоятындар баршылық екен. Түбінде солар адам болады.

Қуандық Шамахайұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434