Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
2933 0 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 13:40

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биылғы жылы үшінші рет тапсырылады.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2018 жылдың 3 қыр­күйегі мен 2019 жыл­дың 15 мау­сымы аралығында жазылған және жарық көр­ген материалдар қабыл­данады.

Жеңімпаздар алты аталым − Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журна­листи­касының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.

Өтінімдер 2019 жылдың 17 мау­сымына дейін қабылданады. Жеңімпаздар Байланыс және ақ­па­рат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады. Өтінімдерді Парламент Мәжі­лісінің сыйлығын беру жөнін­дегі комиссияның жұмыс органына – Мә­жі­лістің баспасөз қызметіне – 000001, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды мекенжайына жолдау қажет.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе (8) (7172) 24-38-22, 74-68-44, 74-63-04, 74-63-05, 74-63-02, 74-63-01 байланыс телефондары арқылы алуға болады.

Abai.kz

0 пікір