Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3413 2 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 12:35

Интернеттің бұғатталуына БҰҰ алаңдаушылық білдірді

Біріккен Ұлттар Ұйымының лаңкестікке қарсы күрес және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнула Ни Аолэйн Қазақстандағы интернет желісінің “ауқымды түрде бұғатталуына” алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте БҰҰ хатшысы өз командасының мүшелері Қазақстандағы интернетке кіру мәселесіне куә болғанын айтқан.

- Бұқаралық сайттар мен стрим – сервистер жаппай бұғатталды.  Демек, мұнда пропорционалды көзқарастар бойынша мәселелер бар. Бірақ, біздің түсінгеніміз, мұның барлығы да қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалған. Бейбіт жиындар мен сөз бостандығы дүниежүзілік ұйымдармен қорғалады. Бірақ, қауіпсіздікті сылтау етіп, адамдардың бейбіт жиналуына, пікірін ашық білдіруіне шектеу қою бізді алаңдатады, - деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев интернеттің бұғатталуына министрліктің қатысы жоқ екенін айтқан.

Ал, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәжіліс отырысында интернеттің бұғатталуына қатысты сұрақ түспегенін айтты.

Айта кетейік, 9-мамыр күні Қазақстанда бірнеше сайттар ашылмады. Көпшілік әлеуметтік желілерге кіре алмады. Ал, қазақстандық полицияның кезекшілік тәртібі әдеттегіден күшейтілген режимге ауысты. 8 мамырда Бас прокуратура Қазақстан азаматтарын рұқсат етілмеген наразылық акцияларына қатыспау туралы ескерту жасады.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478