Бейсенбі, 3 Қазан 2024
2681 0 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 11:08

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдар мен серіктестікті нығайту ісіне қосқан жеке үлесін атап өтті.

– Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық мәселесі біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Бас хатшы Антониу Гутерришке ыстық сәлемімді жолдаймын және еліміздің халықаралық бастамаларына қатысты жемісті ынтымақтастығы мен көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Тараптар өңірлік жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын, сондай-ақ, қазақстандықтардың БҰҰ аясындағы бітімгерлік миссиясына атсалысу мәселелерін талқылады.

– Біз өңірлік ынтымақтастық мәселелеріндегі Қазақстанның белсенді ұстанымын жоғары бағалаймыз. Сіздердің елдеріңіздің іске асырып жатқан Орнықты даму мақсаттарына қолдау көрсету біз үшін маңызды. Президент мырза, Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа ғимараты ашылғаны үшін Сіздерге алғыс білдіреміз, – деді Мирослав Енча.

Abai.kz

0 пікір