Бейсенбі, 3 Қазан 2024
4246 0 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 15:59

Қызылордалық оқушылар «Robo Fest-ORDA» облыстық фестиваліне қатысты

Ғылым мен технологиял қарыштап дамып бара жатқан мына заманында жас жеткіншектердің интеллектуалды болып өсуі өте қажет. Осы мақсатты көздеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі Қазақстан халқына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын ұсынған болатын.

Оқушылардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мақсатында бүгін Қызылорда қаласындағы №278 орта мектептің базасында «Robo Fest-ORDA» облыстық фестивалі өтті.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, мұндай байқаулар оқушыларды жаңа технологияға деген қызығушылығын оятып қана қоймай, инженерлік-техникалық есептерді іс-жүзінде шеше білу және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, техникалық модельдеуді насихаттайды.

Аталған Байқауға робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бағытындағы жобалар қатысып, арасынан үздіктер анықталды. Үздік деп танылған жоба авторы - оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктері бағаланды.

Айта кетерлігі, байқауға қатысушылар Робо Арқан тартыс, Робо Ақ сүйек, Робо Қыз қуу категориялары бойынша сынға түсті.

Фестиваль қорытындысы бойынша, 38 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олардың алтауы бірінші орынмен, 12-сі екінінші, 20 оқушы үшінші орындармен марапатталды.

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz

0 пікір