Сенбі, 23 Қараша 2024
2785 0 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 16:24

Алматыда ондаған наразы ипотекасын кешіруді талап етті

21 мамырда Алматыда 60-тан аса адам ипотекалық кредиттерін кешіруді талап етіп, "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына жиналды. Жиналғандар арасында басқа қаладан келгендер де бар.

Наразылар 2005-2009 жылдары ипотекалық кредит алып, түрлі жағдайға тап болған соң қарызын төлей алмай отырған азаматтардың қарызын кешіруді талап етті. Наразылар "Банктер азаматтарға тартып алған үйді қайтаруы керек. Тұрмысы төмен отбасылардың қарызы кешірілуі керек" деп те талап қойды. Жиналғандар "азаматтар заңды түрде өз құқықтарын қоюы үшін" сот жүйесін реформалау мен жеке сот орындаушылар қызметін алып тастау қажеттігін айтты.

Наразылар билік өкілдеріне талаптарын 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дейін орындауды сұрады. "Нақты іс күтеміз, нақты іс дегеніміз кредит амнистиясы болуы керек" деді журналистерге "Арнамыс-5" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанағат Тәкеева.

Наразыларды "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы филиалының өкілі, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы штабының мүшесі Борис Жапаров қабылдады. Ол "жиналғандардың талабы орынды" деді.

- Айтқандарыңыз - Үкімет пен Ұлттық банк жұмыс істеуі тұрарлық мәселелер. Талаптарыңыз - тұрмыстық жағдайын көтеруі үшін ипотека алып, күтпеген қиындыққа тап болған адамдардың үні, - деді ол.

Жапаров "Міндетіміз бен сіздер бізден күтетін нәрсені жасаймыз. Бірақ үкіметтің шешіміне жауап бере алмаймыз" деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439