Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4632 4 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 10:31

Несиеден құтылу туралы

Жақында IMedia Project пен Миссури (АҚШ, Колумбия, Миссури) университеті бірлескен жобаның аясында БАҚ-тың менеджменті мен бизнесі деген тақырыпта семинарда болдым.

Бізге дәріс оқыған Миссури университетінің журналистика мектебінің профессоры Jim Flink-тің бір айтқаны қатты есте қалды.

Қазіргі Америкада тұрғындарды несиелеу мәселесіндегі басты проблема да біздегідей екен. Онда да жұрт беталды несие ала береді екен. Айырмашылығы - бізде тойкредиттен бастап бойкредит (киімге), ойкредитке  (оқуға) банктің менеджерлеріне алым беріп бір басына бірнеше несие  жинаса, оларда лимитсіз кредит картасының құлдығына түскендер көп.

Сондай кезде оларда бір старт-ап америкалықтар тарапынан қатты сұранысқа ие болыпты.

Ол - несиеден құтылудың 7 қадамы деп аталады. Идеясы - көңілге қонымды.

Оларда мынадай фишка бар екен! Заң бойынша несиеңді жабуға уақытша жағдайың келмей қалса алынған несиенің айыппұл салмайтындай ең төменгі мөлшердегі өтемін төлеп отыруыңа болады. Ол 100 доллардың айналасында, америкалықтар үшін қалта көтеретіндей.

Бірінші қадам кезінде бірнеше кредиттің ішіндегі біреуін таңдайсың да, соны барынша тез жауып тастауға күш саласың. Қалғандарына жаңағы ең төменгі мөлшерді төлейсің. Және қосымша сатып алулардан саналы тұрде бас тартуың керек! Жұмысқа түстігіңді ланчбокспен  ала жүресің. Әрбір тиының есептеулі болуы тиісті.

Осылай бір несиеден құтылғанда, екіншісіне кірісесің. Ақырында бар несиеден құтылғанда енді ешқашан несие алмайтындай - несиесіз өмір сүрудің қандай екенін түсініп шығасың!

Соңғы қадам қарттыңыға қаражат жинау! Оны айына $100-дан бастайсың!

Жеңіс Құспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439