Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3792 4 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 10:59

Зеленский Жоғарғы раданы таратып, сайлауды 21 шілдеге белгіледі

Украинада Жоғарғы радаға кезектен тыс сайлау 21 шілдеге белгіленді. Осындай жарлыққа ел президенті Владимир Зеленский қол қойды. Құжат президенттің ресми сайтында жарияланды.

Дүйсенбі күні инаугурацияда сөйлеген сөзінде Зеленский парламентті тарататынын айтып, үкімет отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеген. Кейін Жоғарғы раданы таратуының себебін - халықтың депутаттарға деген сенімінің жоқтығымен түсіндірді.

21 мамырда Зеленский парламент фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, парламентті тарату мәселесін көтерген. Фракцияның бірі президенттің бұл шешіміне қарсы болған.

Украина әлеуметтік зерттеулер институтының жүргізген сауалнамасына сәйкес, егер сайлау өткен жексенбіде өтетін болса, төрт партия беспроценттік межеден өтетін еді.

Зеленскийдің жаңадан құрылған "Халық қызметшісі" партиясы 29,5 процент, "Өмір үшін" оппозициялық платформасы – 8,1 процент, Петр Порошенконың "Ниеттестік" блогы – 7,8 процент, Юлия Тимошенокның "Батькивщина" партиясы 6,7 процент алушы еді делінген әлеуметтік сауалнама қорытындысында.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922