Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4124 0 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 10:26

Мемлекет басшысы Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады.

Қазақстан Президенті Ұлттық гвардияның командалық құрамымен және әскери қызметшілермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргенін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне арнайы тоқталды.

– Кредиторлық қарыздар, әсіресе баспанаға төлем – өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу үшін түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі туралы сөз жүзінде айтылып, іс жүзінде тиісті міндеттемелердің орындалмауына жол берілмеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ішкі істер министрлігіне әскери бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын шыңдап, құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту жөнінде тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1308
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2872
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 963
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 901