Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
4235 1 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 10:29

Назарбаевқа Түркі кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі кеңесінің құрметті төрағасы деген өмірлік мәртебе берілді. Бұл жөнінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің мәлімдемесінде айтылды.

Бұл бастаманы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған көтерген, Түркі кеңесі мемлекеттерінің көшбасшылары ұсынысты қолдаған.

«Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың басынан бері түрік әлемінің жақындасуына, түркі халқын біріктіретін ұйымдардың құрылуына ықпал етіп келеді», - делінген мәлімдемеде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1083
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1466