Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
2082 0 пікір 14 Сәуір, 2019 сағат 17:04

Қоғамдық кеңестер - азаматтық қоғамды оятудың ОА-дағы озық механизмі

Қоғамдық кеңестер. Бұл салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстандағы жаңа саяси орган. Бұл бізді , Қазақстанды айтпағанда, Орталық Азиядағы мемлекет тарапынан азаматтық қоғам бақылауын, саяси белсенділігін күшейтуге жасалып отырған институт.

Саяси сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерінің көбінде азаматтар мемлекеттің саяси өміріне, биліктің және басқарушылық тетіктердің қызметіне салғырт қарайды екен. Сондықтан да әлемдік рейтингте Орталық Азия мемлекеттері демократиялылық индексі бойынша айтарлықтай жоғарғы көрсеткіш байқата алмай келеді.

Саяси сарапшылардың пікірінше, азаматтық қоғам механизмдері күшті мемлекеттерде ғана биліктік басқару функциясында тепе-теңдік болады. Азаматтық қоғам белсенділігі – азаматтардың елдің әлеуметтік-саяси өміріне араласып, саясаттың әр тетігіне қатысты ой, идея қосуына, мемлекет ішіндегі саяси процесстерге бей-жай қарамауға мүмкіндік береді. Яғни, билік пен халық бір жасайды.

Классикалық саясатта «баспалдақ» деген түсінік бар. Бұл әлгі тапқа бөлушілікке ұқсас. Баспалдақтың ең төменгі сатысында – саяси әлсіз, сауатсыз, қара жұмысшылар отряды тұрады. Оларға манипуляцияға көніккіш, басқаруға жеңіл топ. Ал баспалдақтың жоғарғы сатысында – саяси тірі, білім көкжиегі ашылған, елдегі саяси үдерістерге қатысты өз ой-пікірін жеткізе алатын адамдар отряды тұрады. Бұл екеуінің арасы жер мен көктей. Ақпарат қарыштап дамыған қазіргі XXI-ғасырда кез келген мемлекет үшін азаматтардың саяси белсенділігі жоғары болуы маңызды.

Қазақстан бұл мәселені шешудің жолы ретінде – Қоғамдық кеңестерді құру ісін қолға алғалы да 3-4 жылдың жүзі болды. Қоғамдық кеңестердің жұмысын көрдік. Оның маңыздылығын түсіндік. Бүгін сол Қоғамдық кеңестер туралы азды кем әңгіме өрбіткенді жөн көрдік.

2015 жылы «Қоғамдық кеңестер» туралы жаңа Заң қабылданды. Бұл мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне, Үкіметтің және жергілікті басқару органдарының жұмысын жандандыруға, халық алдында есепті мемлекетті қалыптастыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына, елдің саяси өміріне белсенді араласуына қоғамдық институттардың және қарапайым азаматтардың араласуына кепілдік беретін Заң жобасы болды. «Ұлт Жоспары – бес инстуционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын» орындау ісінде жергілікті басқару органдарына Қоғамдық кеңестердің араласуы – жұмыстың жүйелілігін арттырғаны сөзсіз.

Қоғамдық кеңестер – Тәуелсіз структура ретінде құрылған. Ол –консультативті-кеңес органы. Бақылаушы орган. Мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігіне кепіл болды. Қоғамдық кеңес өкілдері – заң жобалары мен бюджетті талқылауға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, мемлекеттік құрылымдардың жұмысының ашықтығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты бақылауға құқылы. Яғни, Қоғамдық кеңес өкілдерінің кез келген сұрағына немесе талабына құзырлы орган 10 жұмыс күнінің ішінде жауап беруге міндетті.

Қоғамдық кеңестер – министрліктер жанынан, жергілікті басқару органдары жанынан құрылған. Ол Үкімет құрымана кірмейді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 229 Қоғамдық кеңес бар және ол жерде 5 мыңға жуық адам жұмыс жасап жатыр екен.  Соның ішінде:16 кеңес – Республикалық деңгейде, 16 кеңес – облыстық және Алматы мен Астана қалаларының деңгейінде, 197 орган – қалалар мен аудандар деңгейінде жұмыс жасауда.

Қазіргі таңдағы Қоғамдық кеңестердегі азаматтардың 30 пайызы әйел азаматтар екен. 22 пайызы мемлекеттік орган өкілдері болса, 9,1 пайызы бизнес өкілдері, 6,5 пайызы партия филиалдары, 4,5 пайызы кәсіподақтар ұйымының өкілдері екен. Жас категориясына қарай: 29 жасқа дейінгі азаматтар 6 пайызды, 30-59 жас аралығындағы азаматтар 64 пайызды, 60 жастан жоғары азаматтыр 30 пайызды құрайды.

Облыстық деңгейде Қоғамдық кеңестерге 17-41 адамға дейін мүше бола алады. Ал қала мен аудандық  деңгейде Қоғамдық кеңестерге 6-50 адам мүше бола алады.

Жоғарыда айтқанымыздай, Қоғамдық кеңестер Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – бес институционалды реформасын жүзеге асыруге байланысты 100 нақты қадамды орындау» ісінде, нақтырақ айтсақ 99 нақты қадамын орындау үшін құрылған. Ал Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылдың 2 қарашасында арнайы Заң қабылданған.

Ол бойынша Қазақстанның кез келген азаматы мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық Кеңестер арқылы үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органның саяси қызметіне араласып, шешім қабылдауға ықпал етеді. Қоғамдық кеңестер – ел-халықтың мұң-мұқтажын, әлеуметтік проблемаларын билік органдарына төтелей жеткізуші орган деп айта аламыз. Яғни, мемлекет Қоғамдық кеңестерді құру арқылы халықтың билікке араласуына жол ашып отыр деген сөз.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір