Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5409 0 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 17:33

Қызылордалық оқушылар тарихи-мәдени орындарға саяхаттамақ

Биыл Қызылорда облысы бойынша 1-10 сынып аралығындағы 147750 баланың 144795-і жазғы тынығу лагерьлерінде дем алатын болады. 1 маусымнан бастап аймақтағы сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастайды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қызылордалық өрендердің демалысын қызықты өткізу мақсатында облыста түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мектеп туризімін жандандыру бойынша 20 мың оқушы аймақтағы киелі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасайды.

– Облыстағы 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагерінде (6-уы жыл бойы, 3-еуі маусымдық) 10 мыңға жуық бала демалыспен қамтылады. Ал жалпы білім беру мектептерінің базасындағы күндізгі және шатырлы лагерьлерде 96 мың бала тынығатын болады, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекова.

Биыл 2018-2019 оқу жылында облыстағы 261 мектептен 5754 оқушы 11 сыныпты тамамдайды. Оның 4143-і (72 пайыз) маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Түлектердің 400-і «Алтын белгіге», 285-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, бітіруші түлектер жыл бойы жұмыс істейтін «Қамбаш», «Талдысу» лагерьлерінде дайындық курстарынан өткен.

– Мектеп бітіруші түлектердің 4662-сі университеттерге, 1 мыңы колледждерге түседі деп жоспарлануда,- деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Айта кетейік, маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 17,5 млн теңге бөлінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963