Бейсенбі, 3 Қазан 2024
3498 0 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 13:07

Қырғызстан Парламентінің екі комитеті Атамбаевқа қарсы айыптауларды қолдады

Қырғызстан парламентінің екі комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қол сұғылмаушылық құқығын алып тастауды қолдады.

Енді комиссияның қорытындысы парламенттің жалпы отырысында қаралады. Комиссия төрағасы Каныбек Иманалиев экс-президенте тиіспеушіліқ құқығын алып тастау үшін мынадай кезеңдерден өтетінін атап өтті: бастамашыл топтың хаты; профильді комитеттің қорытындысы; комиссия құру; комитет қорытындысын талқылау; комиссия қорытындысын және профильді комитет қорытындысын талқылау; бас прокуратура бағасы; бас прокуратураның берген бағасын парламентте талқылау; парламент шешімі.

Бастапқыда комиссия Алмазбек Атамбаевқа қарсы 9 айып тақты, бірақ талқылау кезінде тек алтауын қалдырды.

Комиссия таққан айыптаулар мыналар: Атамбаев президент болып тұрғанда БАҚ және қоғам қайраткерлері мен сот, депутат өкілдерін қуғындады, қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты, Атамбаев үй салған Кой-Таштағы жерді заңсыз иеленді, Бішкек жылу электр станциясындағы коррупция.

Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы парламенттің Конституция талаптарын бұзып отырғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесін 2017 жылдың қараша айында алды. Ал экс-президенттер туралы заңға өзгерістер 2019 жылдың сәуір айында қабылданды. Конституцияға сәйкес, жауапты тұлға туралы заңның кері күші жоқ.

Abai.kz

0 пікір