Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңғырық 8251 17 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 14:49

Ресейлік баспасөз: "Арыстағы апат АЭС-ке қарсыларға ұпай болды"

Арыстағы апат туралы ресми тұлғалардың мәлімдемелері:

24 маусым 2019 жыл

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Қаланы қайта қалпына келтіреміз. Барлығы жақсы болады. Сәл шыдаңыздар. Бұл төтенше жағдай, катастрофа. Үкімет ақша береді. Көмектесеміз, алаңдамаңыздар. Жөндеу жұмыстарын да жасаймыз. Мен сол үшін арнайы келдім.

Қазір бірінші кезекте азаматтардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігі маңызды. Екінші мәселе көмек көрсету. Бүкіл Қазақстан Арысқа көмектеседі. Арнайы қор ашылады.

Алдағы уақта Арыс қаласы қандай да бір жарылғыш құралдардан толық тазалануы керек.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы әкімі:

- Облыс бойынша Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудандар мен жақын маңдағы елді-мекендер жұмылдырылды. Қазір жағдайды көріп отырмыз. Бүкіл қаланы эвакуациялау керек. Барлық бағыттар бойынша көліктер колоннасы жүреді. Олар адамдарды алып кетіп, арнайы дайындалған лагерлерге жеткізеді. Барлық ауданның әкімдері мен әкімшілігі өз командаларымен арнайы лагерлер жасақтауы керек.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Азаматтардың қауіпсіздігі үшін, жақын арада, жедел штаб арнайы рұқсат етпейінше өз үйлеріңізге оралмай тұрыңыздар. Себебі, Арыс қаласының кейбір көшелерінде әлі де жарылмаған оқ-дәрі, қару-жарақтар болуы мүмкін. Қазір саперлер ол оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын бастады. Саперлер жұмысы аяқталған соң жарылыстар тоқтайды. Сол кезде өз үйлеріңізге оралуға рұқсат беріледі.  Ешқандай радиоактивті қару-жарақ сақталмаған. Радиация қауіпі жоқ.

Ал әскери қалашықтың өзінде әскерилердің жартысы арнайы бункерлерде. Олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

25 маусым 2019 жыл

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Өкінішке орай қайтыс болғандар бар. Бір адам Арыс қаласының тұрғыны. Екіншісі әскери қызметкер. Марқұмдардың туыстарына көңіл айтамыз.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ІІМ:

- Қазіргі таңда әскери бөлімнің қоймаларындағы өртті сөндіру оңайға соғып отырған жоқ. Сондықтан, қаладан шамамен 41 мың адам эвакуацияланды. 39 мың адам өздері кетті. 2815 адам эвакуацияланды.

Балабақшадағы балалардың барлығы қаладан шығарылды. Туған-туыстарының қолында болған балалар да табылып, ата-аналарына табысталды. Қазір қандай да бір шағым жоқ.

Қалада ұрлық-қарлықты болдырмау үшін 75 полиция жасағы жұмыс жасап жатыр. Соның өзінде, қазір 3 адам ұсталды. Оларға бір дүкен мен тұрғын-үйді тонаған деген айып тағылып отыр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Дәрігерлік көмекке барлығы 165 адам жүгінген. Олардың 76-ы жеңіл жарақат алған. Амбулаторлық ем тағайындалып, қайтарылған. 89-ы ауруханаларға жатқызылды. 15 адам жансақтау (реанимация) бөлімінде жатыр.

Өзге ақпараттарға шолу:

«ТАСС» агенттігі Арыстағы шетін оқиғаға қатысты ұзын-ырғасы 15 материал жариялапты. Олардың дені ақпараттық хабарламалар екен.  

Тақырыптық шолу:

  1. В Казахстане на территории воинской части произошел взрыв
  2. Власти Казахстана начали эвакуацию населения в городе Арысь после взрыва в воинской части
  3. В Туркестанской области Казахстана введен режим ЧС в связи со взрывом в воинской части
  4. В больницы на юге Казахстана поступили 16 пострадавших от разрыва боеприпасов
  5. Движение поездов через Арысь задержано после взрыва в воинской части
  6. СМИ: Токаев вылетает в Туркестанскую область, где взорвались склады боеприпасов
  7. В результате взрывов боеприпасов на юге Казахстана погиб один человек
  8. Саперы начали очистку улиц Арыси от боеприпасов
  9. После взрывов боеприпасов в Арыси более 70 человек обратились за медицинской помощью
  10. ЧП на военном складе в Казахстане. Главное
  11. В МВД Казахстана заявили, что на складах боеприпасов в Арыси продолжается пожар
  12. Токаев пообещал восстановить город Арысь после взрывов боеприпасов
  13. Число погибших при взрывах боеприпасов в Арыси возросло до двух
  14. Тушение складов в городе Арысь приостановлено из-за продолжающихся взрывов
  15. Киргизия отменила железнодорожный рейс Бишкек-Москва из-за ЧП в Казахстане

«Кыргыз темир жолу» (Қырғыз темір жолы) Арыстағы апатқа байланысты темір жол рейсін тоқтатқан.

«Қазақстан Республикасы, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы жағдайға байланысты «Қырғыз темір жолының» «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы № 17 пойызы рейсін уақытша шегерді» депті ресми хабарламада.

Аталған бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын рейс Арыс қаласын кесіп өтетіндіктен, азаматтардың қауіпсіздігі үшін рейс уақытша тоқтатылған екен.

Арыстағы апат АЭС-ке қарсыларға ұпай болды

«Новая газета»  «Оскал Арыси» атты мақала жариялапты. Әуелі апат туралы азды-кем ақпар берген.

«Арыс қаласы – бұл Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қарапайым елді-мекен. Әдетте мұнда кұн райы жылы болады. Ешқандай даму преспективасы жоқ. Бірнеше кәсіпорын ғана бар. Олар – Арыстағы темір жол станциясы (станция – Орынбор -Ташкент бағытындағы негізгі пункттердің бірі) және локомотив жөндеу зауыты. Сондай-ақ, 43 мың тұрғыны бар қалада Қазақстан қорғаныс министрлігінің № 44856 әскери бөлімі орналасқан. Ал бұл әскери бөлімде қару-жарақ қоймасы бар.  Таңғы сағат 9:20-да (Мәскеу уақытымен 6:20) қоймадан өрт шығып, артынша күшті жарылыс болған. Жарылыстан әуеге көтерілген түтінді көрші облыстағылар да көрді. Ал Арыстағы кей аудандарда үйлердің терезе әйнектері шағылып, шатырлары қираған» деп жазады.

Әрі қарай, қала тұрғындарының абыр-сабыр күйге түскенін айтып,  көпшілік азаматтардың қаланы тастай қашқанын жазған.

«Түркістан облысының әкімі (ресейдегі губернатордың аналогы) Өмірзақ Шөкеевке қаланы эвакуациялау туралы мәлімдеме жасау үшін 1,5 сағат уақыт керек болды. Ол кезде Арыс қаласының жартысы қаладан шығып кеткен еді. Сөйтсе де, Қорғаныс министрлігі бастапқы уақытта зардап шеккендер жоқ дегенді алға тартты» депті.

«Тағы бір маңызды мәселе – жарылыс болған қоймада қанша оқ-дәрі мен қару-жарақ болғанын, олардың қандай модель екенін ешкім білмейді және ол туралы ресми айтылмайды. Алайда «Новой» сарапшылары, суреттерге қарап, жарылыс кезінде оқ-дәрілер күкіртінің (порох) жанғанын және оның ұзаққа созылатынын болжап айтады. Екіншіден, мұндай қойманың қалаға тым жақын орналасуының өзі қауіпсіздік нормаларын өрескел бұзу болып табылады» деп жазады.

«Новая газета» редакциясы Арыстағы апатқа шолу жасай отырып, Ресей технологиясы бойынша салынуы мүмкін деген Атом электр станциясын да сөз еткен екен.

«Арыстағы жағдай Қазақстанда Ресейдің көмегімен АЭС салынуы мүмкін деген ақпарат қоғамдық резонанс тудырған кезеңде орын алды. 2019 жылдың ақпанында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеме жасап: «Сіздердің еліңізде АЭС құрылысын бастау туралы шешімге келетін секілді. Және біз оны Росатом салады деп үмітенеміз» деген.

АЭС салу туралы бастама қоғамның наразылығын тудырды (бәлкім соның «Чернобыль» сериалынан әсерленіп кеткен шығар). Билік көптен бері алғаш рет халық қарсы болса, салмаймыз деген мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.

Ал Арыстағы апат АЭС-ке қарсыларға ұпай болды. «Қарапайым снарядтарды» бақылай алмай отыр. АЭС-те апат болса ше? Онда не болмақ?! Оны тағы апта сайын жер сілкінетін Алматы облысында салмақ» дегенен пікірлерді айтуда» деп жазыпты.

«Интерфакс» агенттігінің Реейлік қызметі Арыстағы жарылысқа қатысты

Тақырыптық шолу:

  1. В связи со взрывами в воинской части в Казахстане возбудили уголовное дело
  2. Огонь потушили на двух из трех складов с боеприпасами на юге Казахстана
  3. Неразорвавшиеся снаряды в казахстанской Арыси разлетелись по улицам и жилому сектору
  4. Из-за взрывов на складе боеприпасов отменили поезд Бишкек-Москва
  5. В МВД Казахстана сообщили о сохранении угрозы взрывов боеприпасов в Арыси
  6. Пожарные приостановили тушение на военном складе в Казахстане из-за взрывов
  7. В пострадавшем от взрывов казахстанском городе задержали трех мародеров
  8. 15 пострадавших от взрывов в Казахстане поместили в реанимацию
  9. Число погибших при взрывах боеприпасов в Казахстане увеличилось до двух
  10. 89 человек госпитализированы после взрывов на военном складе в Казахстане
  11. После взрывов боеприпасов в Казахстане часть солдат оказались в бункерах
  12. Из-за взрыва на складе боеприпасов в Казахстане погиб один человек
  13. Пожарные не начали тушить склады в Арыси из-за взрывов боеприпасов
  14. В Казахстане полностью эвакуируют город рядом с загоревшимся складом боеприпасов

«Қазақстандық «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, 20 жолаушылар пойызы тоқтатылған. Онда 8121 адам болған. Пойыздар Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі және Қызылорда қалаларының станцияларында тұр. Ол жерлерде жолаушыларға азық-түлік, су таратылуда. Компания арнайы режимдегі жұмыс штабын құрған. Ал ұзын-ырғасы 11500 жолаушыны автокөліктермен және өзге пойыздармен жеткізген» деп жазыпты.

Ал «РИА Новости» агенттігі Арыстағы апат туралы 28 материал жариялапты. Олардың барлығы дерлік ақпараттық хабарламалар негізінде дайындалған.

Тақырыптық шолу:

  1. В Казахстане на складе войсковой части прогремел взрыв
  2. На юг Казахстана направили 120 полицейских после ЧП в воинской части
  3. Пострадавших при пожаре на арсенале воинской части в Казахстане нет
  4. На юге Казахстана эвакуируют население из-за пожара в воинской части
  5. Президент Казахстана поручил выяснить причины инцидента в воинской части
  6. В Казахстане эвакуируют город из-за пожара в воинской части
  7. При взрыве в воинской части в Казахстане пострадали шесть человек
  8. Число пострадавших при взрыве на юге Казахстана возросло до 16 человек
  9. Пожар в воинской части в Казахстане не могут начать тушить из-за взрывов
  10. Число пострадавших из-за ЧП в воинской части в Казахстане увеличилось до 23
  11. Число пострадавших из-за ЧП на юге Казахстана выросло до 31
  12. В Казахстане завели дело после ЧП на складе оружия
  13. Число пострадавших при взрыве на юге Казахстана увеличилось до 46 человек
  14. На юге Казахстана один человек погиб из-за ЧП в воинской части
  15. При ЧП на юге Казахстана пострадали более 70 человек
  16. Взрывы в Казахстане могут продолжаться несколько дней, заявил глава региона
  17. В Казахстане 1,8 тысячи военнослужащих ликвидируют последствия взрывов
  18. Токаев поручил устранить очаг взрывов на арсенале на юге Казахстана
  19. В Казахстане 15 человек находятся в реанимации после взрывов на арсенале
  20. Число погибших при взрывах на юге Казахстана выросло до двух человек
  21. Взрывы на военном складе на юге Казахстана продолжаются
  22. В казахстанском городе, эвакуированном после ЧП, задержали трех мародеров
  23. Пострадавший от взрывов на арсенале город в Казахстане быстро восстановят
  24. Заявлений о пропавших без вести после взрывов на арсенале в Казахстане нет
  25. В Казахстане вывезли остававшихся в укрытии жителей после ЧП на арсенале
  26. В Казахстане прекратились интенсивные взрывы после ЧП в военной части
  27. В МВД Казахстана рассказали о проверке в военной части, где произошло ЧП
  28. ЧП на юге Казахстана привело к остановке 20 поездов

Қазақстан ешкіммен соғысқан жоқ. Миллиондаған тонна оқ-дәрі жиналып қалған

Ал Ресейлік «Новая газетаның» әскери шолушысы Павел Фельгенгауер «Азаттықтың» орыс қызметіне пікір білдіріп, Арыстағы қоймада Екіншідүниежүзілік соғыстан қалған оқ-дәрілердің де болғанын айтыпты.

«КСРО кезінде қару-жарақтың үлкен қоры сақталған. Оның үстіне жаңа қару-жарақ, оқ-дәрілермен қатар ескі, соғыс кезінен қалғандары да сақталды. Оларды түгел атып, утилизациялау мүмкін болмады. Ресей Кавказда, Сирияда, Донбасста біршамасын пайдаланды. Ал Қазақстан ешкіммен соғысқан жоқ. Ешқандай шығын болған жоқ. Миллиондаған тонна жиналып қалды.  Қазақстанда оқ-дәрі, қару-жарақтың алып қоры бар. Өйткені Совет кезінде Қытаймен соғысуға дайындалған. Ол жақта Қытай қарулы күштеріне қарсы салмақты әскери шаралар болады деп күтілген. Дұрыс сақталмаған. Былайша айтқанда, кей бөлігі арнайы бункерлерде емес, көшеде шашылып жатты. Бұл дереу шешілуі тиіс күрделі мәселе. Әлі күнше шешілген жоқ. Ақша керек, күш салу керек. Мұнша оқ-дәрі мен қару-жарақты тез арада жойып жіберу мүмкін емес. Оларды сорттау керек. Жарамдыларын сақтау үшін инвестийия тарту керек. Ескі қару-жарақтар уақыт өте келе жарамсыз болып қалады. Онымен ешкім айналысып жатқысыкелмеген болар», дейді Фельгенгауер.

Арыстағы жарылыстар хронологиясы:

Арыстағы апат алғаш рет орын алып отырған жоқ.

2009 жылы ескі қару-жарақтарды жою барысында жарылыс болған. Ол кезде 3 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған.

2014 жылдың жазында  утилизациялау зауытында жарылыс болды. 2 адам қаза тауып, бір адам ауыр жарақат алған.

2015 жылдың күзінде әскери пологонда ескі оқ-дәрілерді жою барысында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты.

Одан бөлек,

2001 жылы Қарағанды облысына қарасты Тоқырау ауылының маңында қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, бірнеше тәулік бойы жанған еді. Ол кезде де 1300 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірген. Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр еді. Халықты эвакуациялау ісін Тоқаев жүргізген.

2013 жылы Отар полигонында қару-жарақты утилизациялау кезінде жарылыс болып, 4 адам қаза тауып және 3 адам жарақат алған.

Түйін

2018 жылдың 11 сәуірі күні Астана телеарнасының жаңалықтары ескі қару-жарақтарды жоюмен айналысатын «Қазтехнологиялар» АҚ-тың 180 маман жұмыссыз қалуы мүмкін екені туралы хабарлаған. Олар Арыс және Отар стансаларында орналасқан учаскелерде ескі қаруды жоюмен айналысқан. 2018 жылы олардың жұмысы тоқтап, қаруды залалсыздандыруға тапсырыс болмаған. Осының салдарынан жұмысшылар ақысыз еңбек демалысына жіберіліпті. Сол ақпаратта бұл қоймаларда екінші дүниежүзілік соғыстан бері сақтаулы тұрған қару-жарақтар бар екені жарияланған.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5334