Ақтөбеде не болып жатыр?
Шілденің 2-сі күні еліміздің мұнайлы өңірі Ақтөбе облысынан жеткен суыт хабарды жариялаған едік. Ақтөбеде тап осы кездері не болып жатыр? Редакциямызға келіп түскен қысқа хабарда былай делінеді:
«Вахаббистер орманды алқаптың арасында әлі жасырынып отыр»,- деп, хабарлайды Ақтөбеден редакциямызға қоңырау шалған әріптесіміз. Олар билік тарапынан қандай да бір пәрменді әрекет қолға алынса, Жаңажол газ құбырын жарып жіберуге дайын екендіктерін мәлімдеп үлгеріпті. Куәгерлер ресми ақпарат көзі таратқаннан өзге де адам өлімі бар деседі. Жараланғандарды МАИ қызметкерлері облыс орталығына алып келуде, бейресми мәлімет бойынша кеше тағы бір адам дүниеден қайтқан. Ал, оқиға басындағы дәрігерлермен байланысу мүмкін емес, олардың қалта телефондары өшірулі. Жедел-жәрдем қызметкерлері кәдімгі соғыс жағдайындағыдай жұмыс жасап жатқан сияқты.
«Ақтөбе билігі әскери күштерді басқа облыстардан алдыртуда», - дейді әріптесіміз. Егер олардың әлі жетпесе, Ресей Федерациясынан әскер шақыртуы мүмкін екен.
Кеше кешкілік Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі шұғыл баспасөз мәжілісін өткізді. Бірақ, баспасөз жиынында тұшымды ештеңе айтылған жоқ.
Облыс әкімі қайтыс болған әскерилердің отбасыларының әрқайсысына көмекке миллион теңгеден берді.

«Қарапайым халық «вахаббиттерді қырып тастау керек» деп әр жерден күбір-күбір етеді. Бірақ бәрінің ішінде қорқыныш бар. Өйткені, кезінде вахаббистер «Ақтөбе облысын бөліп әкетіп, автомония қылып аламыз» дегендей үрейлі сөздер айтыпты-мыс. Олар негізінен бай, мұнайлы жерлерде көбірек шоғырланған деседі. Егер Шұбаршидегі жиһад жариялаған вахаббистерді аяусыз жазаласа, вахаббиттер көп шоғырланған тағы екі аудан - Шалқар мен Мұғалжар аудандарындағы жақтастары өре түрегелуі мүмкін деген қауіп бар. Жалпы, Ақтөбеде олардың көп шоғырланған аудандары осы үшеуі - Темір, Мұғалжар, Шалқар.
Айтпақшы, әскерилер далада кәдімгідей лашықтар тігіп алыпты. Кеше жергілікті арнаның журналистері барып келді, шұғыл хабар көрсетті. Вахаббиттермен беттескен далаға танк пен тікұшақта жеткізілді»,- дейді Ақтөбеден хабарласқан әріптесіміз.
«Абай-ақпарат»