Шет елде мұнайшылар қанша алады?
2017 жылғы ақпарат екен. Содан бері жағдай оларда жақсарып, бізде кемімесе - өзгеріс аз сияқты.
Адам басына шаққанда мұнайды көп өндіргенмен жалақыға келгенде қазақтар тізімнің соңында.
Салыстырмалы түрде АҚШ, Норвегия мен Канада мұнайшыларын алайық. АҚШ-та ресей рублімен айына 587 мың шығады екен. Қазіргі теңгенің курсын алсақ бұл - 587 000 x 5,5 (2017 жылғы орташа курс) = 3 228 500 теңге!
Бірақ мұнайшыларына ең көп жалақы беретін америкалықтар емес - австралиялық мұнайшылар - 791 мың ресей рублі немесе 4 350 500 теңге айына. Бұл осы саладағы 2017 жылғы әлемдегі ең жоғарғы жалақы екен!
Екінші орында Норвегия - мұнда мұнайшылардың айлық жалақысы 738 700 рубль, теңгеге шаққанда 4 062 850. Канадалық мұнай компаниясының қызметкерлері орташа есеппен айына 596 мың рубль табады екен (3 278 000 теңге). Голландтардыкі де аз емес - 599 тысяч рубль (3 294 500 теңге).
2017 жылғы осы саладағы орташа жалақы:
Австралия - 791 000 рубль (4 350 500 теңге);
Норвегия - 738 700 (4 062 850 теңге);
Новая Зеландия - 616 600 (3 391 300 теңге);
Нидерланды - 599 000 (3 294 500 теңге);
Канада - 596 000 (3 278 000 теңге);
США - 587 000 (3 228 500 теңге);
Франция - 447 900 (2 463 450 теңге).
Ресейлік мұнайшылар француздардан 3 есе, америкалық, голланд және канадалық әріптестерінен - 4 есе, норвегиялық және австралиялық мұнайшылардан - 5 еседен де аз табады екен.
Ал Қазақстанда осы кезеңде мұнайшының орташа жалақысы рубльге шаққанда - 90,6 мың болыпты. Яғни небары 498 300 теңге!
Жеңіс Құспанның facebook парақшасынан
Abai.kz