Жұма, 22 Қараша 2024
Масқара! 8187 5 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 12:46

Ақсақалов пен Бақауов мемлекеттік тілді түсінбей ме?

Кеше, 15 шілде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. 

Жиынға Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кеңейтілген отырыстың көзге ұрып тұрған кемшілігі - мемлекеттік тілде өткен жоқ. Жиналыста баянадама жасаушылардың көбі мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарағанын байқадық.

Одан да сорақысы жиналыс барысында мемлекет басшысының мемлекеттік тілде сөйлеген сөздерін кей әкім-қара аудармамен тыңдады. Кеңейтілген отырыс кешке қарай телеарналардан көрсетілді. Сонда байқағанымыз бірнеше әкім арнайы аударма жасайтын құлаққап киіп отырды.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың (суретте қатар отыған қос әкім) Президент сөзін арнаулы технологияның көмегімен ғана түсініп отырғанын байқауға болады.

Солтүстіктегі көршіміздің салқыны қатты тигенінен болар, елміздің түстік аймағы мемлекеттік тілге бей-жай қарайды. Сөзіміздің айқын дәлелі ретінде солтүстіктегі қос облыс әкімінің мемлекеттік тілді өздерінің ет құлағымен естіп, түсіне алмайтынын айтуға болады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270