Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2722 0 пікір 12 Шілде, 2011 сағат 11:00

Ердос Сәлімтай. «Адасқандар» ашық шабуылға көшті ме?!

Кейінгі кездері «қылдан жіңішке, қылыштан өткір» діни тақырыптарға еті үйрене бастаған «Хабар» арнасы 26 маусым күні кезекті «Адасқандар» атты деректі фильмнің тұсауын кесті. Мұның алдында ғана осы арнадан көрсетілген «Ақиқат» фильмі дүйім жұртты дүрліктіріп, қоғамда сан қилы пікір қалыптастырып үлгерген еді. Көзіқарақты көрермен «Ақиқаттың» астарына терең үңіліп, «минустарын» теріп, режисерлік және сценарлық қателіктерін тап басып талқылағаны есте. «Адасқандарды» көріп отырып көңіліміз тағы да су сепкендей басылды. Айтылған сын, ескертпелердің барлығы да құмға сіңген судай құрдымға кеткеніне көзіміз жетті. Бір қызығы эфирден көрсетілгеніне екі аптаға жуық уақыт өтсе де бір де бір журналист «Адасқандар» туралы жұмған аузын ашар емес. Әншейінде діни тақырып десе білсін, білмесін бетке шауып, төске өрлеп өре түрегелетіндердің үн-түнсіз қалуы таң қаларлық жағдай. Бұл нені білдіреді? «Ақиқат» деп ат қойып, айдар тағып сопыларды «жер-жебіріне жетіп жерлеген» көрсетілім, қоғамның қақ бөлінуіне, қарама-қарсы ой-пікірлердің өріс алуына себеп болып, оның арты зиялы қауымның елге танымал өкілдерінің Елбасыға дат айтуымен, фильмде аттары аталған азаматтардың «Хабарды» сотқа беруіне дейін жеткенінен хабардармыз. Ал «Адасқандар» туралы не оң, не теріс пікірдің болмауын немен, қалай түсіндіруге болады? Бұл мәселе тұрғысында біз де ұзақ ойландық.

Кейінгі кездері «қылдан жіңішке, қылыштан өткір» діни тақырыптарға еті үйрене бастаған «Хабар» арнасы 26 маусым күні кезекті «Адасқандар» атты деректі фильмнің тұсауын кесті. Мұның алдында ғана осы арнадан көрсетілген «Ақиқат» фильмі дүйім жұртты дүрліктіріп, қоғамда сан қилы пікір қалыптастырып үлгерген еді. Көзіқарақты көрермен «Ақиқаттың» астарына терең үңіліп, «минустарын» теріп, режисерлік және сценарлық қателіктерін тап басып талқылағаны есте. «Адасқандарды» көріп отырып көңіліміз тағы да су сепкендей басылды. Айтылған сын, ескертпелердің барлығы да құмға сіңген судай құрдымға кеткеніне көзіміз жетті. Бір қызығы эфирден көрсетілгеніне екі аптаға жуық уақыт өтсе де бір де бір журналист «Адасқандар» туралы жұмған аузын ашар емес. Әншейінде діни тақырып десе білсін, білмесін бетке шауып, төске өрлеп өре түрегелетіндердің үн-түнсіз қалуы таң қаларлық жағдай. Бұл нені білдіреді? «Ақиқат» деп ат қойып, айдар тағып сопыларды «жер-жебіріне жетіп жерлеген» көрсетілім, қоғамның қақ бөлінуіне, қарама-қарсы ой-пікірлердің өріс алуына себеп болып, оның арты зиялы қауымның елге танымал өкілдерінің Елбасыға дат айтуымен, фильмде аттары аталған азаматтардың «Хабарды» сотқа беруіне дейін жеткенінен хабардармыз. Ал «Адасқандар» туралы не оң, не теріс пікірдің болмауын немен, қалай түсіндіруге болады? Бұл мәселе тұрғысында біз де ұзақ ойландық. Әзірге тапқан жауабымыз - бұл үнсіздікке фильмнің сапасы әсер еткен сияқты. Анығы, сапасының сын көтермейтіні, тіпті оның бағытының төл танымнан аулақ жатуы. Біздің де ешкімді елең еткізбеген «Адасқандарды» сөз етіп, көзге шыққан сүйелдей болғымыз келмеген еді. Алайда,  Ақтөбе облысы Темір ауданында дәл осы «адасқан» жамағаттың жақын жақтастарының бейбіт күнде оқ атып, құқық қорғау органдарына қарсы қанды қырғынды бастап кетуі еріксіз қолға қалам алғызып отыр.

Хош. Өз білгенін жасады ма, жоқ әлде әлдекімнің «шайнап» бергенін талғажау қылды ма кім білсін, әйтеуір, фильм еліміздегі «дәстүрлі ислам» ұғымын тас-талқан етті. Құйрығы жоқ, жалы жоқ «Ақиқаттан» айырмасы, бұл фильмнің авторы бар екен. Тек ол автор жеке тұлға емес, заңды тұлға, тұтастай бір қор боп шықты. Оған фильмнің соңында титрға шыққан «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» деген жазуды оқып көз жеткіздік. «Отты» тақырыптағы фильмді түсірген шығармашылық ұжымның тасада қалуы (тапсырыс берушілерінің де) «Хабардың» ғана емес, бүгінгі қоғамымыздың келбетіне айналып бара жатқаны ойлантады. Діттеген мұраты анық емес, «домалақ фильмдердің» қаптауы оны жасаушылардың жауапкершіліктен жалтаратынын анық байқатады. Сонда да болса «Адасқандарды» сіз бен бізге ұсынғандар туралы жалғыз ілік -  әлгі қордың түр-тұрпаты, мақсат-міндеті қандай екеніне тоқтала кетейік. Аталған қордың ресми сайтында ұйымның құрылу тарихы жөнінде былай делініпті:

«2008 жылдың басында Діни істер комитеті діни ахуалдың даму барысына зерттеу жүргізді. Еліміздегі діни ахуалдың даму барысының теріс бағытта дамып бара жатқандығы, ал еліміздегі жалғыз отандық діни ұйым - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кадрлық әлеуеті және имамдардың жеткіліксіздігі теріс үрдістің алдын алуда қауқарсыздық көрсетті. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның облыстардағы өкілдіктерін білікті мамандармен қамтамасыз ету және дәстүрлі исламның таралуына қолдау көрсету мақсатында «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау қоры» құрылды».

Құрылған қор өзінің мақсат-міндеттеріне мынадай пункт енгізеді:

«Шетел және отандық ислам білім беру ордаларындағы талапкерлерге арналған шәкірт ақы бөлу арқылы Қазақстандағы ислам білімін дамыту».

Осыған  байланысты, қордың басқарма төрағасы Ардақ Досжан мен атқарушы директоры Балғабек Мырзаев соңғы жылда осы ұйымның қолдауымен «Шәкірт» бағдарламасының аясында 400-ге жуық адам ислам елдеріне білім алуға жіберілгендігін айтады. Сонымен қатар Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алуға 15 грант бөлінгендігі де белгілі. Бір қызығы аталған ислами қордың болашақтағы жұмыстары үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 500 млн теңге қаржылай көмек көрсетіп отыр екен.

Биылғы жылы мамыр айына дейін дін істер комитетінің төрағасы қызметін Ардақ Досжан мырза атқарып келгені белгілі. Осы азамат ислам елдерінде оқып, сол жергілікті жердің мәдениетін бойына сіңірген түлектерді еліміздегі «дәстүрлі исламды» дамытуға пайдаланбақ болған екен. Сонда өз дәстүріміз, өз менталитетіміз қайда қалды? Досжан мырза басқаратын қор «Адасқандар» филіміне тапсырыс беріп, ондағы жиһатшылардың Сайд Бурятскийдің соңынан ергендер екенін айтты. Ал сол Сайд Бурятский де Египет, Кувейт сияқты араб елдерінен білім алды емес пе? Ислам қоры оқытуға жіберген шәкірттер ертең елімізге келіп «дәстүрлі исламның» көкесін көрсетіп, Бурятскийдің ізімен жаппай қарулы жиһатқа шақырып жүрмесіне кім кепіл? Кеше ғана Шұбаршидегі «Ақ мешітке» бекінген қаныпезерлердің: - Біз Египеттен келген имамды ғана мойындаймыз, мұндағылар ақиқатты білмейді,- депжар салуы соның айғағы емес пе? (http://www.altyn-orda.kz/news/krovavaya-noch-v-shubarshi/)

Сонымен не керек, «Адасқандар» фильмін көріп отырып «Сонда бұл телеөнім әлі адаса қоймағандарды толығымен адастыруды мақсат етіп қойған ба?» деген сауалға сүріндік. Өйткені, фильмнің соңына дейін «жиһат» әрекетіне астыртын жарнама жүргізілгендей көрінді. Интернетпен достығы жоқ көпшілікке ғаламтордағы жиһад туралы сайтани сайтарды да қалай табу керек екені тайға таңба басқандай анық көрсетілді. Фильмде осы қордың қызметкері Смағұлов мырза жиһатты шежіре таратқандай 14 бөлікке бөліп, соның ішінде қарулы жихатқа кеңінен тоқталды. Осы жерде Ибн Таймияның да есімі аталып, сілтеме жасалады. Ибн Таймияның еңбектерін таратуға біздің елде шектеу қойылмағанымен, былайғы жұрт оның кейбір еңбектерінің лаңкестердің негізгі қаруы екенін білетін болар. Салафизм идеясының ашық жақтаушысы болған бұл кісінің 500-ден аса еңбектері, кейін атышулы Ибн Абдул Уаххабтың сүйікті шығармаларына айналған. Сондықтан да еліміздегі салафизм мен уаххаббизм ағымдарының өкілдері Құран аяттарын түсіндіруде осы Ибн Таймияның тәпсіріне көбірек сүйенеді. Фильм құрастырушылардың қай діннің шашбауын көтеретіні қарулы жиһат пен Ибн Таймияны ауызға алғандарынан-ақ байқаған болатынбыз. Жалпы фильм барысында жиһат ұғымын талдауға Ибн Таймиядан өзге шығыс елдерінің ғалымдары мен еліміздегі теолог-мамандардың пікірі мүлде пайдаланылмады. Сонымен қатар қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қажет «дәстүрлі ислам» ұғымы түрік, араб, кавказдық мамандардың аузымен түсіндірілді. Солардың бірі - «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің деканы Мұхаммед Махфуз деген адам. Ал осы аталмыш оқу орнының түлегі Ишмамбетов деген ашық күнде Алматыны отқа орап, мұздай қаруланған арнаулы жасақтың бірнешеуін жер жастандырған жанкешті болатын. Басқа-басқа дәл осы жоғарғы оқу орынының тәлімгерлері содыр шәкірттерінің сол сойқанды әрекеттерінің ізі суымай жатып «дәстүрлі ислам» жайында сөз қозғауы қызық көрінеді екен...

Фильм құрылымы, неге екені белгісіз, 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жиһат жайлы бүге-шүгесіне дейін ақпарат алғаннан соң, екінші бөлімде әңгіме басқа арнаға бұрылар,  «Адасқандардың» тізімін қазір елдің зәресін ұшырып отырған қабір талқандағыш-вандалдар, киелі саналатын орындарды өртегіштер, басқа да басбұзарлық жолын дін қылып көрсетушілер толықтырар деп үміттенгенбіз. Алайда, әңгіменің ауаны қайтадан жиһат тақырыбына қарай ауды. Фильмнің әу басында істі болған үш азамат сөз алып еді, сол жігіттер әңгіменің тізгінің қайтадан қолға алып, жиһат тақырыбын майын тамызып түсіндіре бастады. Тіпті Еркін Досқалиев деген біреуі түрмеге дейінгі өзінің экстремистік іс-әрекеттерін әлі де болса дұрыс деп танып, оған иманы мықтылар ғана бара алатынын айтып, мақтанып та алды. Осылайша фильмді түсірушілер сотталушының аузымен бұған дейін қарулы жиһатты айыптағанын жуып-шайғандай болды. Фильмнің авторлары дәл осы жерде артық қыламыз деп, тыртық қып алғанын өздері де аңғармай қалғандай. Олардың бұл әрекеті керісінше экран алдында отырған көрермендерге «қанша жерден сені түрмеге қамап қинаса да, сен өз ойыңнан айныма, иманыңның әлсіздігін көрсетпе» деп тұрғандай әсер қалдырды. Бұл не масқара? Сотталушының дәл осы сөздерін эфирге жіберудің қандай қажеттілігі болды екен? Әлде бұл фильм де көз бояушылық па? Кешегі Шұбаршиде бас көтерген содырлар былтырғы жылы «террористік әрекеттері» үшін сотталған Азамат Кәрімбаев пен Еркін Досқалиев бастаған алты адамның ауылдастары екені белгілі. Мүмкін фильмде сөйлеген Еркін Досқалиев, бостандықта жүрген «бауырларына» Хабар арнасынаның «Адасқандар» фильмі мінберін пайдаланып уағыз-насихат айтқан болар... Мүмкін Шұбаршидегі содырлар түрмеде 3 ай өткен соң қаза тапқан Азамат Кәрімбаев үшін, «менттердің» қысымымен жиһат жолынан бас тартқан бауырларының кегін алуды ойлаған шығар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, «Хабар» арнасында көрсетілген «Адасқандар» фильмі арқылы былайғы жұртқа беймәлім «дәстүрлі ислам» үлгісі насихатталды. Олай деуге себеп - «дәстүрлі ислам» туралы сөз болып жатқанда кадр сыртында қолдарын әйелдерше кеуде тұсына байлап, құлақ қағыстары да кеудеден басталатын, екі аяқтарын екі жаққа жіберіп, жалғанды жалпағынан басқандай боп талтайып намаз оқып тұрған сақалдылардың бейне сюжеттерінің көрсетілуі. Бұл сюжеттерден қазақ мәдениеті мен тарихынан бейхабар адам, елімізді араб елдерімен шатастырып алуы әбден мүмкін. Сонда осындай орынсыз әрекетердің эфирден орын алуына кім жол беріп отыр?! «Дәстүрлі ислам» деген желеумен содырлардың ту еткен негізгі ұстанымдары мемлекеттік арнада (мемлекеттік қордың қаржысына) айдың, күннің аманында ашықтан ашық насихатталса, Шұбарши қырғыны неден туып кетті деп таң-тамаша қалу қаншалықты орынды?..

Семей қаласы

http://www.masa.kz/article/view/id/1949

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534