Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4510 1 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 11:56

10 жылда 250 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылған

Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал құру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, даму институттары, қаржы ұйымдары, құқықтық негіз ұлттық экономиканы дамыту үшін жаңа серпін берді. 2019 жылы 103 отандық және шетелдік жобаны іске қосу жоспарлануда.

Елдің инвестициялық тартымдылығы отандық және шетелдік инвесторларды қолдауға құрылған инфрақұрылымға тікелей байланысты. Қазақстанда бизнесті жүргізу және инвесторларды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге  қатысты жүргізіліп жатқан саясат Қазақстанға Бүкіләлемдік Банктің жыл сайынғы рейтингісінде өз позициясын көтеруге мүмкіндік берді. Мәселен, Doing Business ұсынған 2019 жылғы есепте Қазақстанның позициясы 36-дан 28-ге дейін көтерілді (әлемнің 190 елінен), сонымен қатар «Кәсіпорындарды тіркеу» санаты бойынша позиция 5 жолға жоғарылап , 36-орынға жетті.

Есепке сәйкес, бизнесті реттеуге инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» бағдарламасын және ASTANA-1 кедендік декларациялаудың электрондық жүйесін енгізу арқылы  сауда саясатын жеңілдетуде айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді . Сонымен қатар, коммерциялық істер бойынша сот шешімдерін жариялау Қазақстанда келісім-шарттардың орындалуын жеңілдетті.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан 320 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетелдік инвестициясын (ТШИ) тартты. Сонымен қоса соңғы 10 жылда ұлттық экономикаға 250,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс түсті. Бұл үрдіс инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді. ТШИ – дың ең жоғары  көлемі 2012 жылы – 28,9 млрд. АҚШ долл. болды, бұл көрсеткіш  2011 жылы – 26,5 млрд. АҚШ долл. және 2018 жылы – 24,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға ТШИ-дың жалпы ағыны 6 млрд. АҚШ долларын құрады (бір жыл бұрын – 6,7 млрд. АҚШ долл.). Жалпы, 2018 жылы ТШИ көлемі 24,3 млрд. АҚШ долларына жетті, бұл 2017 жылға (21 млрд. АҚШ долл.) қарағанда 15,8%-ға көп. ЖІӨ-ден ТШИ ағынының үлесі 2017 жылғы 12,9% – дан 14% – ға дейін өсті.  Бұған қоса 2022 жылға қарай Қазақстан Үкіметі жалпы ТШИ көлемінің ЖІӨ-ге арақатынасын 19% – ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Салалық бөліністе ТШИ-дың ең үлкен көлемі 2018 жылы тау-кен қазу өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға 13,6 млрд. АҚШ долл. бағытталды. Өңдеуші өнеркәсіпке, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудаға инвестицялар сәйкесінше,  3,4 және 3,3 млрд. АҚШ долл. құрады.  Сонымен қатар, салалардың ең үздік-5-тігіне мыналар енді:  қаржы және сақтандыру қызметі – 1,3 млрд. АҚШ долл., көлік және қоймалау – 786 млн. АҚШ долл. Қазақстан Үкіметі шикізаттық тәуелділікті төмендетуге бағытталған экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Елдің саясаты инвестициялық ағымдарға оң әсер етті – 2018 жылы қаржы және сақтандыру қызметіне инвестициялардың үлесі 1,9% – дан 5,4% – ға дейін, кәсіби, ғылыми және техникалық салаға 0,9% – дан 2,8% – ға дейін, құрылысқа 1,6% – дан 2,4% – ға дейін өсті.Шетелдік капиталдың қатысуымен 2018 жылы сомасы 3,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 27 жоба іске қосылды, олар 6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға  мүмкіндік берді. Жобалардың басым бөлігі Алматы облысында іске асырылды – 4,1 млрд. АҚШ долл. сомасына 27 жоба, Қарағанды облысында – 2,1 млрд. АҚШ доллары сомасына 15 жоба және Нұр-сұлтан қаласында – 4,1 млрд. АҚШ долл. сомасына 12 жоба. 2019 жылы қосымша 27 жобаны іске қосуды қамтамасыз ету және 100-ге жуық жаңа инвесторларды тарту жоспарлануда.

Инвестицияларды тарту мен экспортты дамытудың негізгі құралдарының бірі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар (АЭА және ИА) болып табылады. АЭА-ның жұмыс істеуі әдетте сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру және жандандыру есебінен ашық экономика қағидаттарын іске асыруға бағытталған. Олардың артықшылықтары ерекше кедендік, салықтық және валюталық режимдер болып табылады.Преференциялар мен жеңілдіктер пакеті әрбір АЭА мен ИА үшін жеке бірегей екенін атап өткен жөн. Бұл ретте АЭА қатысушылары үшін кедендік және салықтық жеңілдіктер көп.

Қазіргі таңда  Қазақстанда елдің 11 өңірінде 12 АЭА жұмыс істейді. Үш АЭА 2017 – 2018 жылдары құрылды («Астана – Технополис», «Қорғас» ШЫХО және «Түркістан»).

Барлық АЭА инфрақұрылымының құрылысына еліміздің бюджетінен 314,3 млрд теңге жұмсалды. 2019 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша АЭА аумағында 183 жоба іске қосылды, оның 46-сы шетелдіктердің қатысумен болды. Тартылған инвестиция көлемі 910 млрд. теңгеге жетті.АЭА – ның жұмыс істеуі ұлттық экономиканы дамытуға оң әсер етті -15,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, 150 млрд. теңге көлеміндегі салық түсімдері тартылды. Бұл ретте инвестициялық преференциялар шетелдік инвесторлардың назарын аударатынын ескерген жөн, себебі , олардың жобаларға қатысу үлесі 27% – ды құрады. Инвестицияларды тарту бойынша неғұрлым тиімді жұмыс «Оңтүстік» АЭА – да жүргізілуде – 1 бюджеттік теңгеге 15,5 теңге инвестиция тартылды. 2005 жылдан бастап жалпы инвестиция көлемі 77,5 млрд. теңгені құрады. АЭА қызметі ішкі тұтыну нарығының өсуіне және тоқыма өнімдерінің экспортқа бағдарланған өндірісін ұйымдастыруға бағытталған.Тиімділігі бойынша екінші орынға «Ақтау теңіз порты» АЭА шықты – 1 бюджеттік теңгеге 15,4 теңге инвестиция түседі. Сондай-ақ, Ең үздік 3-тіктің құрамына «Павлодар» АЭА кіреді, ол салынған қаражаттың 1 теңгесіне 12,3 теңгені тартты.2021 жылға қарай АЭА аумақтарында жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асатын 147 жобаны іске асыру жоспарлануда,  оның ішінде 2019 жылы 160 млрд теңгеден астам сомаға 36 жоба іске қосылады.

Шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ өндірісті ынталандыру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 23 индустриялық аймақ құрылды. Қазіргі таңда  олар 8,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін 168 өндірістік жобаны іске асырды.ИА инфрақұрылымына кеткен мемлекеттік шығындар 85,9 млрд теңгені құрады. Тартылған инвестиция көлемі 183 млрд теңгеге жетеді. Осылайша, салынған 1 бюджеттік теңгеге 2,1 теңге инвестиция тартылды.

2021 жылға қарай ИА аумағында 520 млрд теңгеге жуық сомаға 173 жобаны енгізу жоспарлануда.

Қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжыту саясатын күшейтуге, сондай-ақ ішкі нарықты сапасыз импорттық тауарлардан қорғау тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Бұл саясат қазақстандық экономиканы әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдастыруға бағытталған. Осы мақсатта 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Қазақстанда Сауда және интеграция министрлігі құрылды.

Жаңа министрлікке Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын  қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы; Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өлшем бірлігін техникалық реттеу, стандарттау және қамтамасыз ету саласындағы; Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

2019 жылы жалпы құны 163 млрд теңгені құрайтын 40 жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Елдің отандық инвесторларды қолдау жөніндегі саясаты ең алдымен ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осы мақсатты іске асыру үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыруды тиімді құрылымдауға қабілетті даму институттары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктері құрылды. Мұндай компаниялардың қатарына «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның Даму Банкі, KazakhExport, Kazyna Capital Management, Kazakhstan Project Preparation Fund, Astana Hub, «Даму» қоры, QazTech Ventures және т.б. жатады.

Ірі және орта бизнесті қолдау қарыздық қаржыландыру, субсидиялар, үлестік қаржыландыру, кепілдіктер мен сақтандыру, лизинг, жобаларды консультативтік сүйемелдеу, экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Шағын және орта бизнес үшін қолдаудың келесі түрлері қарастырылған: субсидиялау, гранттар, кеңес беру, венчурлік қаржыландыру және құзыреттерді дамыту.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Даму Банкі жалпы сомасы 5,3 трлн теңгеге 63 жобаны қаржыландырды. KazakhExport экспорттаушыларға 90,2 млрд теңге сомасына сақтандыруға қолдау көрсетті және 10,3 және 6,9 морд. тг сомасына, сәйкесінше, саудалық және экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асырды.  «Даму» қоры 495 млрд теңге сомасына 22,4 мың ШОБ жобасын қолдады, ал «Бизнестің жол картасы» аясында 2,7 мың жоба субсидия мен қаржыландыру алды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қолдауына ие болған кәсіпорындар 2018 жылы 2,1 трлн теңге сомаға өнім сатқан. Өз кезегінде салық төлемдерінің көлемі 278,1 млрд теңгені құрады.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару үлесі 2018 жылы 44,4% құрады (2017 жылы – 39,8%). Кәсіпкерлер жалпы сомасы 26,5 трлн теңгеге өнім сатты. Бұл ретте өнімнің 68,8%–ын шағын кәсіпорындар, 19,6%–ын орта бизнес және 11,6% – ын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары шығарды. Қазақстанның 8,7 млн жұмыспен қамтылған халқының 3,3 млн-ы ШОБ субъектілерінде жұмыспен қамтылды.

Дереккөзі: finreview.info

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338