Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2172 0 пікір 13 Шілде, 2011 сағат 05:26

Ғарыш техникасы мен технологияларын меңгерген алғашқы түлектерге диплом берілмек

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат -  Қазақстан әлемде теңдесі жоқ «Байқоңыр» ғарыш айлағы арқылы төрткүл әлемге танымал.

Тәуелсіздігімізге 20 жыл толса да ғарыш саласының сан қырын меңгерген отандық мамандарымызбен мақтана алмаймыз. Өйткені елімізде кадр даярлау ісі әлі де болса жолға қойылмаған. Аталмыш мәселеден шығудың жолын алғаш болып Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қолға алуда.

Бейсенбі, 14 шілде күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Украинаның жетекші оқу орны Олесь Гончар атындағы  Днеп­ро­пет­ровс­к ұлттық университетімен бірігіп дайындалған ЕҰУ-дың 3 магистранты мен 2 бакалавр түлегіне диплом табысталмақ.

Шараға Украинаның Днеп­ро­пет­ровс­к ұлттық университетінің бір топ ғалымдары Петренко Александр Николаевич, Митиков Юрий Алексеевич, Бучарский Валерий Леонидович, Лабуткина Татьяна Викторовна, Санин Анатолий Федорович қатыспақ.

2009 жылдың наурыз айында Олесь Гончар атындағы  Днеп­ро­пет­ровс­к ұлттық университетімен ғарыш саласында бірігіп маман даярлау туралы келісімге қол қойғаннан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өз қаржысымен Украинаның аталмыш оқу орнына студенттерін оқуға жібере бастады. Бүгінде аталмыш әріптестік байланыс өз жемісін беруде. Бітіруші түлектер арасынан ғарыш саласын терең меңгерген түлектер іріктеліп алынып, жұмысқа қабылданбақ. Ал қыркүйек айында 18 студент ғарыш саласы бойынша Днеп­ро­пет­ровс­к ұлттық университетіне жолдама алып, білімін шыңдайтын болады.

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазғарыш басшысы Т.Мұсабаевтың қатысуымен ғарыш саласына қажетті «Темпус» бағдарламасымен бекітілген ғарыштық аппараттарды жобалаушы зертхана жасақталды. Сондай-ақ, маман даярлауға қатысты барлық жағдай жасалуда. Қыркүйек айынан бастап ЕҰУ-да «Ғарыштық техника және технологиялар» халықаралық кафедрасы жұмысын кафедра одан әрі жандандыра түспек.

Аталмыш жұмыстың барлығы да Елбасы Н.Назарбаевтың елді индустрияландыру туралы бағдарламасында көзделген тапсырмалар негізінде жүзеге асуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540