Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3127 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 04:25

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және KAZENERGY Қауымдастығы С.Өтебаев атындағы білім гранты мен стипендияларының 2010-2011 жылдардағы қорытындысын хабарлады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және KAZENERGY Қауымдастығы 2010-2011 оқу жылы бойынша «Сафи Өтебаев атындағы стипендия мен грант» беру білім жобасының  екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлады.

С.Өтебаев - Қазақстанның мұнай-газ саласының негізін қалаушылардың бірі. Бүкіл өмірін осы саланы дамытуға арнаған, сонымен қатар  жоғарғы деңгейлі мамандар даярлауға да ерекше көңіл бөлген.

2010-2011 оқу жылындағы байқауға 7 кәсіби лицей мен колледждерден 17 оқытушы және 5 бейінді жоғары оқу орнынан  67 студент қатысты.

Құрамында «KazEnergy» Қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» Барлау, Өндіру» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, Agip Karachaganak B.V. және басқа да мұнай-газ компанияларының өкілдері бар арнайы жұмыс тобы 20 жеңімпазды таңдап алды. Олардың арасында бейінді оқу орындарының 5 оқытушысы бар. Олар: Гүлмира Усманова («Геологиялық барлау колледжі»), Қожантай Орынбаев («Бейнеу кәсіптік лицейі»), Әлима Қитуева (Ақтөбе политехникалық колледжі), Григорий Цой (Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы колледжі) және Гүлмаржан Майлыбаева (О. Тұрмағамбетұлы  атындағы Жаңаозен мұнай және газ колледжі).

Бейінді жоғары оқу орындары студенттерінің арасында: Эрик Аташев (ҚБТУ), Индира Шұғайыпова (Атырау мұнай-газ институты), Жадыра Көбесейітова (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті), Қанат Оңғарбаев (Атырау мұнай-газ институты), Әсел Жәкенова (ҚБТУ), Әсел Молдашева (ҚБТУ), Әйгерім Бұхарбаева (ҚБТУ), Олжас Асанбаев (ҚБТУ), Эльмира Қажғалиева  (Алматы  энергетика және байланыс институты), Әділ Төлебай (Алматы  энергетика және байланыс институты), Аслан Көкбаев (ҚБТУ), Феликс Иодковский (Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті), Ертай Әубәкіров (Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті), Марат Ибағаров (ҚБТУ) және Шыңғыс Бөрібек (Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті) жеңімпаз атанды.

- С.Өтебаев атындағы білім бағдарламасының стипендиаты атану үлкен құрмет. С.Өтебаев - Қазақстан мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, еліміздегі көптеген мұнай кен орындарын ашқан маман. Сонымен бірге  бұл жоба оқуға деген ынтамызды одан әрі арттырады. Мен басқа оқу орындарындағы мұнай факультеттерінің студенттерімен таныстым, көптеген достар таптым,- деді Атырау мұнай-газ институтының студенті Қанат Оңғарбаев.

- Мен бұл байқауға бірінші рет қатысып отырмын және осынша талапкерлердің арасында мені таңдап алуы өте қуанышты. Бұл менің ұстаздық қызметімді бағалау деп білемін. Мен мұнай және газ технологиясы саласында әдістемелік зерттемелерді көп дайындадым, өзімнің пәнім бойынша «Мұнай өнімдерін өндірудің техникалық сараптамасы және бақылау» деп аталатын оқулық шығардым. Сонымен қатар бізді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдап отырғанына ерекше қуаныштымыз,-дейді Ақтөбе политехникалық колледжінің оқытушысы Әлима Қитуова.

Мұғалімдер еңбегін бағалау кезінде жұмыс тобы ғылыми жарияланымдар, оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарының  зерттеулеріне қатысуы (өзі немесе бірлескен авторлық), оқу процесінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану, сонымен қатар оқушылардың ғылыми-зерттемелік және шығармашылық жұмыстарының жетекшілігіне мән берді. Студенттерді таңдау барысындағы басты талаптар GPA-дің 3,5-тен кем емес, кәсіпқой бірлестіктерде мүшелік,  мемлекеттік және халықаралық ғылыми шараларға қатысуы мен жарияланымдары болды.

Қатысушылар мен жеңімпаздар туралы толығырақ мәліметті ҚМГ ҰК-ның (www.kmg.kz) және  KAZENERGY Қауымдастығының  (www.kazenergy.com)

сайттарынан таба аласыз.

Анықтама:

Сафи Өтебаев 1909 жылы Атырау облысының Қарабау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1925 жылы Доссорда дәнекершінің көмекшісі ретінде бастаған. 1935 жылы Әзірбайжандағы М.Азизбеков атындағы мұнай институтын бітіріп, алғашқы қазақ мұнайшы-инженері болды. С.Өтебаев 40 жылдан аса Қазақстанның мұнайлы өндірісінде жұмыс істеген, қатардағы инженерден «Қазақстан мұнай» бірлестігінің бастығы, Атырау және Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы қызметіне дейін көтерілді.  1938 жылы С.Өтебаевтың бастамасымен Атырау қаласында республикадағы алғашқы мұнай өндеу зауытын ашу туралы шешім қабылданды.

С.Өтебаев жас ұрпақтың сапалы білім алуына баса назар аударды, жастардың жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік жасады, мұнай техникумдарының техникалық жағынан жабдықталуына көмектесті. ҚазПТИ-де мұнай факультетінің ашылуы да белгілі мұнайшының есімімен байланысты, ол осы институттың оқытушылары және студенттерімен тығыз байланыста болды.  Сонымен қатар ол Одақтың алдыңғы қатарлы мұнай институттарына 20 жыл бойы Қазақстан орта мектептері түлектерінің түсуіне Үкіметтің арнайы шешім қабылдауына ықпал етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550