АҚШ президенті Дональд Трамп атына жазған арызында Хантсман оған Ресейдегі елші қызметін сеніп тапсырғаны үшін алғыс білдірген деп жазды The Hill.
БАҚ мәліметі бойынша, Хантсман Юта штатына қайта оралып, губернатор сайлауына түсуді көздеп отыр.
Хантстман – Республикалық партия мүшесі. Ақ үйде Рональд Рейген билік еткен кезден бастап қызмет еткен. Ол АҚШ-тың Ресейдегі елшісі қызметіне 2017 жылы кірісті. 2005-2009 жылдар аралығында Юта штатының губернаторы болды.
Abai.kz