Абай Асанкелдіұлы . Облыс әкімдігінде аудармашы жоқ па?
Айтпайын десең де ана тіліңнің ақысы кететін жағдайлар болады. Жақында электронды поштама Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен «Ақбақай» кенішінің ашылуы туралы баспасөз релизі келіп түсті. Шыны керек, бұрын ресми тілден аударып үйреніп қалған қайран басым осы жолы екі тілде жіберілгенін көріп қуанып қалғанмын. Алайда, баспасөз релизін оқығаннан кейін көмейге «бүйткен қазақшасы бар болсын» деген сөз тірелді. Жо-жоқ, қазақ тіліне емес, қазақша сөйлем құра алмағандарға қарным ашты. Алақандай қағаздағы екінші сөйлем:
«Бұл жобаның басталу сәтіне Астанадан жүргізілген телекөпірге Мемлекет басшысысының өзі бастау берді». Осыдан не түсіндіңіз? Қазақ тілінің грамматикасын бір адамдай-ақ білемін деп ойлаушы едім. Түсінбегенім - Елбасы телекөпірге рұқсат берді ме, әлде «Ақбақай» кен орнының ашылуына рұқсат берді ме? «Бастауы» мен «Басталуы» қабаттасқан бұл не жаңылтпаш?
Ол аз десеңіз. «Игілікті металл» деген термин бар екенін бірінші рет Жамбыл облысының баспасөз қызметінен естіп білдік: «Ақбақай кластері шикізат базасының алдын ала жасалған бағасы 100 тоннаға дейін игілікті металдан тұрады». Осы жолды оқып отырып мектеп бітіргесін Менделеев кестесінде жаңа металл пайда болған екен деп таңғалдық. Амал жоқ, орыс тіліндегі нұсқасына жүгінуге тура келді. Сөйтсек, біздің басымызды қатырған тіркестердің төркіні мынау екен:

«Старт этому проекту дал Глава государства посредством телемоста из Астаны».
«Предварительная оценка сырьевой базы Акбакайского кластера составляет до 100 тонн благородного металла». Әкімдіктің баспасөз қызметіндегі «тәржімашының» «игілікті металл» деп жүргені «асыл металл» екен. Өзі асыл металл өндіретін компания болса, аты «Алтыналмас» деп аталса, асыл металл өндіретіні түсінікті емес пе?! Тәржімашы металды «игілендіргенше», сөздіктің бетін бір ашып қарағаны әлдеқайда игілікті іс болар еді-ау.
Одан әрі қателердің санын санап, түсін түстемей-ақ қоялық. Келесі он жылда халықтың жүз пайызға жуығы мемлекеттік тілде сөйлейді деген Елбасымыздың сөзі бар. Мынадай қарқынмен Жамбыл облысының әкімдігі осы үдеден шыға алар ма екен?!
Бәлкім, әкімдіктің баспасөз қызметі «журналистерге мағлұмат болса жеткілікті, қалғанын өздері дұрыстап алады» деген шығар. Ондай болатын болса ана тілімізді бүлдірмей, керекті қағазын орыс тілінде-ақ жібере салса болар еді.
Абай Асанкелдіұлы
http://nurastana.kz/?p=1792