Сенбі, 23 Қараша 2024
3399 0 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 10:00

Ресейде сенбілік шеру кезінде 300-ден астам адам ұсталған

Сенбі, 10 тамызда Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Брянск қалаларындағы әділ сайлауды талап еткен акция кезінде жалпы саны 325 адам ұсталған. "ОВД-Инфо" құқық қорғау порталының дерегінше, Мәскеуде - 229, Петербургте - 81, Дондағы Ростовта - 13, Брянскіде екі адам ұсталған.

Мәскеуде рұқсат етілген акция академик Сахаров даңғылында өтті. Оған "Белый счетчик" дерегінше, шамамен 60 мың адам қатысқан. Ал Ресей ІІМ митингіге 20 мың адам келгенін хабарлады.

Жиналғандар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына өткізуді талап етіп, бұған қоса 27 шілде күнгі акциядан кейін қозғалған қылмыстық істі жабу қажеттігін айтты. Шілде айының соңғы сенбісінде өткен акциядан кейін Ресейдің тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" ісі бойынша іс қозғап, 14 адамға айып таққан еді.

10 тамыз күнгі митингіден кейін шерушілердің бір бөлігі "Китай-город" метро станциясына бағыт алған. Онда полиция шерушілерді ұстай бастаған.

Петербургте де мәскеулік шерушілерді қолдаған рұқсат етілмеген акция өтті. Оған қатысушылар биліктен жиын өткізуге рұқсат сұрауды қажет етпейтін бір адамдық пикет өткізетінін айтқан.

Бұған дейін Мәскеудегі шерушілерді қолдап, қазақстандық екі белсенді Нұр-Сұлтан мен Алматыда акция өткізген.

Мәскеу қалалық дума сайлауы 8 қыркүйекте өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496