Сенбі, 23 Қараша 2024
4940 1 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 11:49

Қызылордада мұнайшылар мерекесі тойланды

Қызылордада мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және қазақстандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығы аталып өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шараға қатысқан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов:

– Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады. Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы 6 жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн тоннаға қысқарады деп отырмыз, - деді ол.

Сарапшылардың сөзінше, өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін одан әрі арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал ететін болады.

Бұдан әрі аймақ басшысы өңірдегі іргелі кәсіпорындарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

– Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған, - деп атап өтті.

Салтанатты кеш барысында мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Сырбойылық мұнай-газ саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталып, іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Елена Әбдіхалықова, Мәдина Сәдуақасова, Ақылбек Жеменей сынды өнер жұлдыздары әннен шашу шашты.

Ал кешкілік орталық алаңда мұнайшылар күніне арналған гала-концерт өтті

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371