Сенбі, 23 Қараша 2024
6737 2 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:43

Тоқаев бейбіт жиынның арнайы орында өтуі керектігін тағы да еске салды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өз еркін білдіру құқығын пайдаланып, арнайы бөлінген орындарда бейбіт митингілер өткізуіне рұқсат беру қажеттігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда алтыншы шақырылымдағы парламенттің бесінші сессиясының ашылуында айтты.

"Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз еркін білдіруге құқылы. Егер бейбіт акциялар заңды және елдің шырқын бұзуды көздемесе, онда белгіленген заң шеңберінде митингілерге рұқсат беріп, арнайы орын бөлу керек" деді Тоқаев. Президент ондай орындардың қаланың шетінде болмауы керектігіне назар аударды.

Бұған қоса ол "Конституцияға қайшы, бұзақылық акциялардың кез келгеніне" заң аясында тойтарыс берілетінін ескертті.

Тоқаев президент әкімшілігінде мемлекеттік органдардың азаматтардың шағым-өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын бөлім ашылатынын хабарлады. Оның сөзінше, әдетте жергілікті және орталық органдардағы шенеуніктердің "кереңдігінен" халық президентке жүгінуге мәжбүр болады.

Қазақстанда жаңа консультативтік кеңесу органын құру қажеттігі туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен инаугурациясы кезінде мәлімдеген. Елді 30 жылға жуық үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыз айында президенттік өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатып, орнына Тоқаевты қалдырған. Маусымдағы кезектен тыс сайлаудың ресми жеңімпазы болып жарияланған Тоқаев қоғаммен диалог орнату үшін Ұлттық сенім кеңесін (құрамына президент әкімшілігі іріктеген 44 адам енген) құратынын жариялаған. Кеңес туралы қоғамда әртүрлі пікір бар. Кейбіреулер оны саяси өпірдегі "жылымыққа" баласа, енді біреулер оның "ешқандай пайдасы жоқ" деп санайды. Президент әкімшілігінің хабарлауынша, Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтпек.

Қазақстанда биылғы жылы бейбіт шерулер мен митингілер жиілеген. Шілде айына дейін ондай акциялардың соңы шеруге қатысқандарды ұстап, әкімшілік қамауға алу және айыппұл салумен аяқталатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371