Сенбі, 23 Қараша 2024
4121 0 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 10:03

Зағип жандар - мемлекет назарынан тыс қалмайды

Мүгедек жандарға көмек көрсету – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев та халыққа арнаған жолдауларында мүгедек жандарды жан-жақты қолдап, олардың мәселелерін шешуге барынша атсалысу қажеттігін үнемі айтып келеді.

Осы бағытта “Кедергісіз келешек” атты НұрОтан партиясының жобасы бар. Аталған жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша қолдап, олардың мәселелерін шешуге атсалысу. Аталған жоба тқр бағытта жұмыс істейді. Бірінші – мүгедектерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналастыру. Екінші мәселе- мүгедек азаматтарға еш кедергі болмайтындай жағдайлар жасау. Үшінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қоғамның және бизнес өкілдерінің назары түсетіндей ақпараттық қолдау жұмыстарын ілгерілету. Төртінші мәселе – мүгедек жандардың құқығын қорғау шараларын жетілдіру.

Осы бағытта елімізде іргелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, қазір әр өңірде “Қазақ соқырлар қоғамы” деп аталатын қоғамдық ұйым бар. Аталған ұйымның басты мақсаты – 1,2 топтағы мүгедек жандардың құқықтарын қорғау, оларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіп, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еңбекке араластыру. Ашық қордағы деректер бойынша, бүгінгі кезеңде соқырлар қоғамы 20 мыңнан астам адамды ұйым аясында біріктіріп отыр. Олар өз мақасаттарын іске асыру үшін мемлекеттік блік өкілдерімен сондай-ақ, атқарушы органдармен ықпалдаса жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталған ұйымның он төрт облыста сондай-ақ екі қалада өз бөлімдері бар. Және, 200 ұйымы, 33 кәсіпорнымен қатар 120 адамға арналған Спутник деп аталатын демалыс үйі бар. Аталған кәсіпорыннан өнімнің 150 түрі шығарылады. Атап айтсақ, пластмассалық өнімдер, автобөліктер, тігін және полиграфиялық өнімдер тағы басқалар шығарылады.

Ал, аталған ұйымға көрсетілетін жан-жақты қолдау да аз емес. Мәселен, күні кеше Атырау қалалық “Қазақ соқырлар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Атыру аймақтық бөліміне заманауи музыкалық жабдықтар тарту етілді. Аталған кәде сыйды – “Теңізшевройл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сыйға тартқан. Олар соқырлар қоғамының өтініші негізінде 2 миллион теңгеден астам ақшаға музыкалық аспаптар мен акустикалық жабдықтар берген.

“ТеңізШеврОйл” компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың айтуынша, бұл – өзгеше адамдарға деген құрмет. Ал, ол кісілерге деген құрмет – аталған компанияның басты құндылықтары екенін атап өтті.

-Біздің компанияның азғантай сыйлығы Атырау соқырлар қоғамы мүшелерінің бос уақытын өткізуге және олардың шығармашылық дамуына оң ықпал етеді деген үміттеміз. Ортақтастыру және өзгешеліктерді құрметтеу ТеңізШеврОйл мекемесінің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің барлық аспектілеріне қатысуларына көмектесетін бастамаларды қолдап отырғанымызға қуаныштымыз, - деді Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, «Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалы үшін музыкалық құрал-жабдықтар күні бүгінге дейін өзекті мәселе болған еді. Аталған ұйымның төрайымы Жұпар Сәрсекенованың сөзінше, көру қабілеті нашар адамдардың шығармашылыққа деген қызығушылығы ерекше. Бірақ, оларға ыңғайлы жағдайлар мен қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығына байланысты өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмаған. Ал, енді сыйға берілген музыкалық аспаптар мен жабдықтар қоғам мүшелерінің бос уақытын қызықты етіп өткізуге және қала мен облыстың түрлі шығармашылық конкурстарына қатысуға көмектеседі дейді ол.

Тағы бір айта кетерлігі - «Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалы мен

«Теңізшевройл» Жауапкершіліг Шектеулі Серіктестігі бұрыннан әріптестік байланыста. Мәселен, алты жыл бойы, яғни, 2013 жылдан бері аталған компанияның қызметкерлері еріктілер ретінде ТеңізШеврОйлдың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы «Ынтымақ» әлеуметтік жобасы негізінде осы ұйымды белсенді түрде қолдап келеді. Қазіргі кезде аталған ұйымда 200-ден астам адам қоғам мүшелері болып табылады.

Ал, осыған дейін, ТеңізШеврОйл ағымдағы жылдың наурыз айында қалаға механикалық пандустармен жабдықталған 50 жаңа автобусты сыйға тартқан болатын. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен үлесін қосқаны белгілі.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 1993 жылдан бері Атырау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,8 млрд АҚШ доллардан астам қаржы жұмсаған. Тиісінше 25 млн және 1 млн АҚШ доллар сомасында жылдық бюджеттері бар «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың ерікті бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамалары болып табылады.

Енді, аталған компания туралы аз-кем ақпар:

«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.

Түйін.

Қоғамда кез-келген жан әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең құқылы. Бұл тұрғыда зағип жандар да мемлекет қамқорлығынан тыс қалмақ емес. Аталған ұйым мүшелеріне алдағы уақытта да үлкен қамқорлықтар жасалады. Себебі – мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377