Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 6222 0 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 11:36

1 жасар сәбидің шетелде емделуіне көмек көрсетілді

Бүгін, 9 қыркүйек күні «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Niet» әлеуметтік жобасының тұсауы кесілді.

«Niet» әлеуметтік жобасы әр аптаның жұмыс күндері 12:00-ден бастап 2 сағат бойы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Аталған жобада еліміздің түкпір-түкпіріндегі көмекке мұқтаж жандардың мәселесі көтеріледі. Бағдарлама ұжымы әр кейіпкеріне арнайы психологиялық көмек көрсететінін айтпаған күннің өзінде, сан-салалы мәселелер бойынша нақты қолдауларды да ұсынатын болады.

Аталған Жобаның негізгі мақсаты мыналар, бұнда түрлі себептермен қиындыққа тап болып, тығырықтан шығар жол іздеген Қазақстан азаматтарына жәрдем беріп, олардың оң жолға түсуіне көмектесуді көздейді. Сондай ақ ауқымды сарапшылар пулы құрылып, құқық қорғау органдары, Халыққа қызмет көрсету орталығы, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша өзге де ұйымдардың кәсіби мамандары студияға келіп, ақыл-кеңестерімен бөліседі. Бұл бағдарламада психологиялық көмек түрлерінен бастап, қоғам қажеттілігі мен талқысындағы баспана, квота, бала асырап алу қатарлы мәселелері бойынша нақты көмек шаралары қабылданатын болады.

9 қыркүйек күнгі бағдарламаның алғашқы шығарылымында ауыр дертке шалдыққан бір жасар сәби Әмір Берғанның оқиғасы сөз болды. «Niet» әлеуметтік жобасының шығармашылық тобы Әмірге көмек қажет екенін айтып, қолұшын созуға ниетті азаматтардың көмек көрсетуіне жол ашқан болатын.

Соның нәтижесінде еліміздегі жомарт жандардың бірі бір миллион теңге аударып берді. Сонымен Әмір анасымен бірге Түркия еліне аттанды. Бұған қоса, тікелей эфир барысында тағы бір көрермен қоңырау шалып, бүлдіршіннің еміне қажетті қаржыны беруге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, студияға келген өзге де бірнеше кейіпкердің ойлаған арманы орындалды. Жобаның ертеңгі, 10 қыркүйек күнгі шығарылымында жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталатын болады.

Көпбалалы аналарған көмектесу жайлы алғаш рет биыл ақпан айында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі кезінде айтылды. Ол кезде Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке арнайы тапсырма берген. Елбасының тапсырмасына сай көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңге берілумен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуы үшін де мемлекеттік бағдарламалар да қабылданып жатыр.

«Niet» әлеуметтік жобасына дейін де еліміз телеарналарында азаматтарды әлеуметтік жақтан қолдауды мақсат еткен бағдарламалар аз болған жоқ. "Қаракет" сынды бірегей тележобалар бірнеше жыл бойы ел азаматтарының сүйікті әрі пайдалы бағдарламасына айналған еді. Сол қатарға енді «Niet» әлеуметтік жобасы қосылды деп сеніммен айтуға болады.

Бұл жоба еліміздегі аз қамтылған және көпбалалы табсы төмен отбасыларын қолдауға да ерекше назар аударуды сөзде ұстап отыр. Нақтылап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпан айында тапсырған тапсырмалар бойынша елдегі көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың баспаналы боуына да өзд үлесін тигізбек. Сол бағытта жұмыстар басталып кеткенін айта кетейік.

Біз сөз етіп отырған «Niet» әлеуметтік жобасы мұқтаж жандар мен қолы ашық қалың бұқараның арасында жалғаушы көпір болуды көздейтінін айта кетейік.  Мұң-мұқтажы мен қажеттілігін айтып келген жандарға әр хабарда көмек көрсету жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік жобаға тікелей эфирге хабарласу арқылы қолұшын созуға ниетті әр адам атсалыса алатынын айта кетейік.

Көмекке зәру жандардың өтініш-тілектері +7 776 535 0751, +7 701 555 0751 нөмірлері бойынша кез келген уақытта қабылданады. Хабар барысында сауал жолдап, пікір білдіру үшін 8 (717) 2 75 71 71, +7 701 5550751 (Whatsap) байланыс телефондары жұмыс істейді.

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255