Сенбі, 23 Қараша 2024
3406 5 пікір 13 Қыркүйек, 2019 сағат 12:49

Путин мен Нетаньяху Таяу Шығыста өзара әрекеттесуді талқылады

Израиль Сирия аумағында Иран тарапынан төніп тұрған әскери қауіпке бас шұлғи алмайды деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде.

Нетаньяху Тегеран Израильге зымыран жіберу мақсатында Сирия аумағын белсенді түрде пайдаланып келеді, мұндай жағдайда аймақта әскери базасы бар Ресей мен Израильдің өзара диалог орнатуы маңызды деп атап өтті.

Ал өз кезегінде Путин халықаралық терроризм қауіп төніп тұрған жағдайда, Израиль мен Ресейдің өзара ықпалдасуы маңызды деді. Ол 2020 жылдың басында Нетаньяхудың Израильге шақыртуын қабыл алғанын жеткізді.

Биыл Путин мен Нетаньяху үш рет кездесті. Осы жолғы кездесу Израильде 17 қыркүйекте болатын парламент сайлауы қарсаңында өтіп жатыр. Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, Нетаньяху Путинмен кездесу арқылы өзі басқаратын "Ликуд" партиясының беделін көтеруге тырысып жатыр.

Израиль премьері осы жолғы сайлауда жеңген жағдайда Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израиль егемендігін орнатынын мәлімдеген. БҰҰ-ның бас хатшысы кеңсесі "бұл халықаралық заңның бұзылуы болып есептеледі" деп ескерткен. Нетаньяху ұстанымын Ресей де сынаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475