Сенбі, 23 Қараша 2024
3992 0 пікір 13 Қыркүйек, 2019 сағат 13:30

Қазалыда «Қамқор Park» аллеясы ашылды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Қамқор Park» аллеясы ашылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазрігі таңда Қазалы өңірін жасыл желекке айналуы үшін аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығы кезінде аудан орталығының өзінде алты мыңнан астам көшеттер отырғызылып, бұрыннан бар талдар ретке келтірілген. Аллеяның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев:

– Туған жердің гүлденуіне тұрғындармен қатар, мекеме-кәсіпорын ұжымдары да ерекше үлес қосуда. Бұл ретте ауданымыздағы ғасырдан астам тарихы бар теміржол мекемелерінің де нәтижелі жұмыстарын айта кеткен орынды. Жақында Диас Төлейтайұлы Сүлейменов басқаратын «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы «Қамқор GREEN» бағдарламасын қабылдап, республика көлемінде ауқымды шараларды қолға алды. Соның бірі «Қамқор Park» жобасы. Бұл шағын қалалардың тұрғындары үшін салауатты және эстетикалық толыққанды табиғи ортаны құру үшін ағаш отырғызу акциясы.Бүгін осы акцияның аясында «Жеңіс» саябағының ішінен арнайы аллея ашылып, тұрғындарға тарту еткелі отыр.Сіздерді «Қамқор Park» аллеясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа аллея елдің игілігіне қызмет етіп, халықтың, жастардың демалатын орнына айналсын, – деп ізгі тілегін білдірді.

Одан әрі «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Шәкенов,Қазақстан темір жолының еңбек ардагері, Кеңес Одағының Құрметті теміржолшысы, Батыс Қазақстан темір жолының вагон шаруашылығында басшы қызметін атқарған Бисембай Майсутов, аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, жаңа аллеяның ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, аталған аллеяның ашылуына Талғат Әліпбаев басқаратын Қазалы вагон жөндеу депосы – «Қамқор вагон» филиалы мұрындық болды. Іргелі ұжым тұрғындар үшін арнайы жүргінші жол салып, орындықтар орнатты. Теміржолшылардың көмегімен аллеяның ішінде 500 түп көшет отырғызылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475