Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3158 0 пікір 18 Мамыр, 2009 сағат 06:09

Табаков бізге табақ тартты

Осы аптада Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да КСРО Халық артисі, КСРО және РФ Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, А.Чехов атындағы МКТ-ның көркемдік жетекшісі Олег Табаков шеберлік сыныптарын өткізді.
Орыс өнерінің майталманы О.Табаков бүгінгі таңда алыс-жақын шетелдерде актер дайындап жүрген майталман. Оның 1990 жылы Бостон университетінде (АҚШ) “Russian - American Performing Arts Center” атты орталықтың негізін қалағаны есімізде. Жасы біразға келсе де Табаков мырза кинофильмдерге түсуін де жалғастырып жүр. Өзінің «Олег Табаков жетекшілігіндегі Театр-студиясындағы» спектакльдерде де өнер көрсетіп келеді. Актерлігін режиссурамен ұштастырып, әрі продюсерлікпен де айналысып жүрген ол  «Актерлік образ жасаудың негіздері», «Образбен жұмыс: кезеңдері мен негізгі принциптері», «Бүгінгі орыс театрының даму ерекшеліктері: репертуар мәселесі, режиссурадағы жаңа есімдер», «Актерлік өнер: ұрпақтар сабақтастығы», «бүгінгі таңдағы Чехов атындағы МКТ», «Ресейдегі бүгінгі театрлық білім» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарын жоғарғы деңгейде өткізді.
Гастрольдік сапарлар саябырсып, шығармашылық байланыстар әлсіреген сәтте осындай шеберлермен көзбе-көз тілдесіп, пікір алысу студенттер үшін, әрине, жақсы бастама. Екі күнге созылған Табаков дәрістері академияда білім алып жатқан болашақ театр және кино мамандары үшін біраз сабақ болғаны анық.

Машков, Безруков, Миронов сынды бірқатар жұлдызды актерлерді тәрбиелеген ұстазға студенттер «Сіз актерлерді қалай даярлайсыз» деген сауал қойды.  «Мен ең бірінші студенттің талантын бағалаймын, - деп жауап берді О.Табаков. -  Талантты студенттен нағыз актер шығады. Мен талапкерлерді ерінбей-жалықпай ұзақ таңдаймын. Бір жылдары 3000 талапкердің ішінен 49 адамды іріктеп алған кезім болған. Осылардың тек сегізі ғана диплом алып шықты».
Осы сөздерден-ақ актерлік мамандыққа кез-келген адамның тісі батпайтынын аңғаруға болады. Сонымен қоса, таңдап алған шәкірттерінің жан-жақты даярланып, өз өнерін ұштауына тікелей педагогтың үлкен ықпал жасайтынына да анық болды. Сондай-ақ қазіргі театрдың міндеті мен мақсатының өзгергенін айтқан О.Табаков «театр өнері уақыт талабына сай, көрермендердің эстетикалық талап-тілектеріне жауап беретіндей репертуар құруға баса назар аудару керек» деді.

Н.ЕСКЕНДІРОВ,
ҚазҰӨА-ның магистранты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394