Сенбі, 23 Қараша 2024
3413 0 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 13:29

Қызылордада алма мен жүзім еккен кәсіпкерлерге субсидия беріледі

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге алма мен жүзім еккені үшін арнайы субсидия берілетін болды. Аймақтағы ауылшаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпкерлер үшін бұл «сүйінші» жаңалықты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков мәлімдеді. 

Осыған дейін, Кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолданысқа енгізілген мамандандыру схемасының жергілікті кәсіпкерлердің құқығын шектеп отырғандығы жайлы мәселені түрлі алаңдарда көтеріп келген болатын.

Атап айтқанда, жыл басында Жасұлан Серіков сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарына:

«Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасына» сәйкес облыста бірқатар бағыттар бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді  алуға қол жеткізе алмай келген болатын. Мысал ретінде айтайын, «2019 жылдың қаңтар айынан бастап инвестициялық субсидияларды беруде осы мамандандыру схемасын басшылыққа алынсын»,- деп көрсетілген. Бүгінде Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары алма өсірумен айналысуда. Алайда мамандандыру схемасында біздің облыстың аудандарының ешқайсысы да алма бағын өсіру бойынша басым бағыттар қатарында көрсетілмеген. Яғни бұл бағытта іс бастап жүрген азаматтар субсидияға немесе «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыны алуға қол жеткізе алмайды деген сөз. Мәселен, жанымызда тиіп тұрған Түркістанның кәсіпкерлері алма еккені үшін субсидия алатын болса, жанында тұрған Жаңақорған, Шиелі аудандарының азаматтарына бұл қолжетімсіз. Біз Министрліктен кәсіпкерлерге тең жағдай жасап, бұл тармақты алып тастауын сұрадық», - деп сұхбат берген болатын.

Сонымен қатар, біздің ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріміз картоп пен мақсары еккені үшін, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін де субсидиядан, сондай-ақ  «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыдан қағылып келді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының өңір кәсіпкерлерімен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірге тиісті министрлікке берген ұсынысы қабылданып, 2019 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандандыру схемасына өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сай ендігі жерде мақсары еккені үшін Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері, картоп еккені үшін Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданының, алма мен жүзім еккені үшін Шиелі мен Жаңақорған аудандарының, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарының кәсіпкерлері субсидия, сонымен бірге «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігіне ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366