Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3149 0 пікір 3 Тамыз, 2011 сағат 19:47

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ. ЖАҒЫМПАЗДАР АКАДЕМИЯСЫ (сықақ әңгіме)

Қазір не көп, жаңадан ашылып жатқан ұйымдар мен әртүрлі қауымдастық, бірлестік дегендер жыртылып айырылады ғой. Бәрі баспасөзшіл-ақ, халық үшін ананы істедік, мынаны тындырдық деп таңның атысы, күнннің батысы демей редакцияның мазасын алады да жатады. Оған етіміздің өліп кеткені соншалық, қаптаған шақырулардың денін умаждап-умаждап қоқыс жәшігін дәлдеп тұрып атып жібереміз. Сондай шақырулардың бірі арнайы менің атыма жолданыпты. Жағымпаздар академиясы деген аты тосын көрінген соң тұсаукесеріне баруға бел байладым.

Кеңес кезінде салынғанымен таяуда ғана сыртын жылтыратып қаптап қойған үш қабатты ғимараттың алдында мені ескі танысым Тырқима Шырқаевна қарсы алды. Осында білдей бір бөлім бастығының орынбасары екен. Тырқиманы айналасы бір жылдың ішінде осымен алтыншы рет әртүрлі мекеменің әлдебір лауазымды тұлғасы ретінде кездестіруім. Ылғи да бір жерге бөлім бастығы болып бара қалады, екі айдан соң лезде одан босап келесіге өтіп кетеді. Бір барған жерінде жарты жыл тұрақтап жұмыс істегенін көрмеппін, әйтеуір, түк тындырмаса да осындайлардың жолдары болғыш-ақ. Ал, осы орынға келуінің себебін ол ескі ұжымына қайта оралуымен түсіндірді. Бұрын бұл академия бір ірі мекеменің ешкім аңғармайтын кішкентей бөлімшесі болған екен. Сол кезде Тырқима Шырқаевна бөлімшені басқарған және оның болашақта ірі ұйымға айналуының негізін қалап кеткен-мыс.

Тұсаукесер рәсімін академияның тең төрағасы Жайрат Жемірбаевич ашып, ұжыммен таныстырып өтті. Төрағаның тәптіштеп тұрып түсіндіруіне қарағанда академияны құру оңайға түспепті. Әсіресе, тең төрағаны табу қалың шөптің арасынан ине іздеумен бірдей іс болған екен. Бұл мәртебелі орынға қатардағы жай бір жағымпаз жарамайтын көрінеді. «Іздеген жетер мұратқа» демекші, ақыры кеңес кезіндегі тәжірибесін тәуелсіздік жылдарында да жемісті жалғастырып, енді сонысының зейнетін көріп демалып жатқан Балықбек қарияны тауып сүйретіп келіпті. Абырой болғанда Бәкең ағамыз аса қатты алжи қоймаған екен дейді. Ағамызды жалғыз жібермейін деген бе, үйіндегі Айман атты ақ жеңгеміз ере келіп, аға лектор ретінде жемісті еңбек етіп жатқан көрінеді. Академия құрылғанын естіген жер-жердегі жағымпаздар мен жарамсақтар қарап жатсын ба. Алыс-жақыннан ат арылтып жеткендері бір қауым ел болып енді кейбіреулеріне штат табылмай жатқанын Жайрат Жемірбаевич қинала жеткізді. Алайда, оған да аса мойымайтын тең төраға ортаға бейімделе алмай жүргендер, жағымпаздықтың маңызын түсінбейтіндер әлі  де бар екенін, соларды жарамсақтық мамандығына сай келмейтіндіктері үшін академиядан аластатқалы жатқандықтарын мәлімдеді. Жайрекең өзі басқаратын ұжымда аппаратқа еңбегі сіңген Айже, Кімже, Айтже, Мәже, Ғаже, Шөпшөңге, Тымерте сынды жасамыс жағымпаздармен  қатар жасы зейнеткерліктен асып кетсе де өзіне елеулі, жемтіктестерге жайлы да қолайлы Жақаң шалдың аянбай ауызбен орақ орып жүргендігіне ризашылығын білдірді. Ол кісі академияға бас сұқпаса да, үйінде жатып-ақ бәрін тындырып жатқан көрінеді. Бұрынғыдай жалақы алу үшін айында бір рет жұмысқа келу деген де жоқ қой, қазір. Жайрекең бухгалтерге бұйыра салады, сол заматта Жақаң үйінің іргесіндегі банкоматтан пора-пора ақшаны санамай-ақ қалтаға сүңгіте береді.

Бәрінің ішінен Шөпшөңгенің жаңа заманға аса лайық табиғи болмысын тең төраға ерекше атап өтті. Себебі, оның тіліндегі ерке наздыққа тән келетін былдырлықтың өзі академияның жұмысын алға сүйреуге аса қолайлы көрінеді. Жағымпаз болу үшін жұмсақ сөйлеудің, керек болса тілді бұраудың да маңызы айтарлықтай көрінеді. Сондықтан, алдағы уақытта ұжым ішіндегі есепті Шөпшөңгенің хабарламасы арқылы тыңдайтындықтан тәуліктің қай мезетінде де ол төрағаның жанынан табылуы тиіс екен.

Бір айтқанын қайтадан тәптіштеп мылжыңдамаса жаны жай таппайтын Жайрат Жемірбаевич екі сағатқа созылған ұзын сонар әңгімесін былай түйіндеді:

- Біз ата-бабамыздың кейбір көне дәстүрін жаңғыртып, жағымпаздықты содан үйренуіміз керек. Кейбір білгіштер қазақта жарамсақтық болмаған деп ділмарсып жүр. Ондай пікірмен келіспейміз. Мен өзім оқу бітіргеннен бері Жантық атамның өнегелі өмірін зерттеп келемін. Жағымпаздықтың негізін қазақ даласында қалаушы, ұлағатты ұстазымыз, ұлы ойшылымыз осы атам деп білемін. Сондықтан, ол кісінің рухына арнап академияға «Жантық ата атындағы» деген мәртебелі атауды ұсынамын.

Тең төрағаның сөзіне тұсаукесер жиынына қатысушылар орындарын атып тұрып, ұзақ қол соқты және ұсыныс бірден қабылданды. Енді солай болмағанда ше. Расында, оған Қарабайдың, Қодардың немесе Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың атын беретін емес. Жайрат Жемірбаевичтің бір мықтылығы осында. Әйтеуір қалай десек те орындалатын, дереу шешім табатын ұтымды ұсыныстарды ғана көтере біледі.

Ендігі кезек келесі тең төраға Балықбекке берілді. Оған сөз берген жігіт Бәкеңнің мақтауын жеткізіп-ақ тастады. Ол кісі жағымпаздық жағынан келгенде әлдеқашан әлемдік аренаға шығып кеткен екен. Кеңес кезінде одақ көлемінде тынымсыз тырбынып, елге кеңінен танылған Бәкең көршілес жұртқа жағымпаздану жағынан келгенде алдына жан салмай көп ұлтты ірі одақтың өзге де қаптаған сан түрлі ұлыстарынан оза шауып, талай бәйгені қанжығаға байлаған екен. Қазақты жамандап, көршіні мадақтаған оған талай-талай марапаттар мен майлы жіліктің басы тартылған, соның арқасында тақтан түспеген көрінеді. Балықбек ағам былайша көсілді:

- Жағымпаздық дегеніміз үлкен өнер. Біз оны көршілес үлкен елдің тәжірибесінен үйрену арқылы ғана меңгере аламыз. Ол үшін қазақ тілін өзгертіп, оны әбден ресмилендіріп қайта жасауымыз керек. Ескерген  тілді жаңаламайынша мәселе шешілмейді. Мен бұл істі өзімнің тікелей орынбасарым Тырқимаға тапсырамын. Ал, сіздер ол не айтса, соны орындасаңыздар болды. Жат десе, жатыңыздар, тұр десе, тұрыңыздар. Мен ана кісімен (саусағын жоғары көтеріп) тікелей байланыстамын. Не айтсам сол болады, бәрін жасатамын!

Жиналғандар ду қол соғып қана қоймай «Жайрат жасасын!», «Балықбектің аузына май!» десіп ұрандатумен қатар  Жантық аталарының рухына тәу етіп жатты. Бірақ, Балықбектің ана кісі деп кімді айтқанын мен онша түсінбей қалдым. Көкті көрсеткеніне қарағанда Жаратушы ма дейін десем, ол кісі туа біткен атейст. Соған қарағанда оның да төбесінен қарап отырған біреудің болғаны ғой.

Жиын соңында академияның жанындағы телеойыншық студиясында жасалған «Көлгір ағай мен Түлкі жеңгей» атты деректі фильм көрсетіліп, ғимараттың шайханасынан келген қонақтарға арнап май асатылды.

Мақаламды осылайша аяқтап бас редакторға өзім алып бардым. Көп жыл журналистиканың ыстығына күйіп, суығына тоңған біздің редактор көп сөзге зауқы жоқ нағыз істің адамы. Мақаланы бастан аяқ мұқият оқыды. Үнсіз ойланып отырды да «репортаж» деген айдардың үстінен қара сиялы қаламымен батитып тұрып бір сызды, астына «сықақ әңгіме» деп сүйкете салды. Сол сәтте салып ұрып кіріп келген жауапты хатшыға менің екі парақ жазбамды ұстатты да:

- Бүгінгі нөмірге сал! - деп, ақырын бола тұра өте анық айтты. Сөйтті де маған қарай баяу ғана бұрылып былай деді:

- Жігіттер, жанрларды оңды-солды алмастыра бергенді қойсаңдаршы, әр нәрсе өз атауымен аталуы керек қой!

Мен ойланып қалдым. Расында, бұл адам сенбестей оқиға болды ма, өзі? Қазақ айтушы еді, «естіген құлақта жазық жоқ» деп. Ал, мен біреуден естігенімді жазған жоқпын ғой. Куә болдым. Сонда қалай, көрген көзде кінә бар ма?!

"Абай ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371