Жұма, 22 Қараша 2024
4572 4 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 16:35

Нұрғисаев: Болашақ ұрпаққа дамыған елді аманат ету баршамыздың борышымыз

Баршамызға мәлім, 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алғаш рет «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдау заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңір – қуатты ел деп аталатын 5 басым бағытты қамти отырып, еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғышарттарын айқындап берді.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге де баса назар қойды. Себебі, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету-мемлекеттік органдар жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі. Қызметтерді алу барысында азаматтар мемлекеттік аппараттың жұмысы туралы белгілі бір ойға келеді. Ал, халықтың мемлекетке деген сенімі еліміздің өркендеуінде бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, елімізде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау тұрақты түрде жүргізіледі және ол мынадай өлшемдерді қамтиды: қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасымен қанағаттандырылуы (әлеуметтік зерттеу қорытындысы); мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы; мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету үшін заңнамалық тұрғыдан мерзімдердің нақты бекітілгендігіне, тиісті ақпарттық жүйелердің қолданысқа енгізілгендігіне, жауапты қызметкерлер бекітіліп, мемлекеттік органдар қажетті материалдық-техникалық базалармен қамтылғандығына қарамастан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталу мәселесі де маңыздылығын жоғалтпады. Сол себепті аталған мәселеге қатысты талдау жасау функциясын Департамент өз қолына алып, алдағы уақытта заң бұзушылықтар болған жағдайда аудан әкімі, аппарат басшысының, бөлім басшыларының тәртіптік жауапкершілігі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болады.

Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауына алғанына қарамастан, туындаған мәселелер дер кезінде шешілуі қажет. Бұл орайда, әрбір әкімдікте құрылған Ішқа бақылау бөлімдерінің маңыздылығы арта түседі. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылаудың жоғары деңгейде жүргізілуі, аталған бөлімдерде жұмыс істейтін мамандардың жоғары құзіреттерге ие болуы мен кәсібилігі негізгі қойылатын талаптардың бірі.

Осыған байланысты, Департамент туындап отырған мәселелерді жергілікті деңгейде шешілуін назардан шығармайды. Бұл мақсатта, Департамент тарапынан осы бөлімдердің мамандарының біліктілігін арттыру үшін қажетті оқыту жұмыстарының жүргізіп тұратындығын айта кеткен жөн. Бұған қоса, өңіріміздің аудандары мен қалаларының Қоғамдық кеңестерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері тұрақты түрде қаралып отырады.

Сонымен қатар, Департамент бастамасымен тұрғындармен қызметтерді электронды нысанда алуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдарда, медициналық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханаларда, қазпочта бөлімшілерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құрылған болатын.

Бұрыштарды құрып қана қоймай, ол жерде қызмет алуға келген тұрғындарға практикалық көмек көрсететін қызметкерлер бекітіліп және олардың жұмыстарына бақылау орнатылды.

Жоғарыда аталғанмен қатар, Департамент облысымызда жыл басынан бері қоғамда жоғарғы сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы қызметтердің көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз етуде.

Атап айтсақ, орта білім беру мекемелерімен көрсетілетін қызметтерді толығымен электронды түрге аудару бойынша облыс бюджетінен 24 млн. теңге бөлінген mektep sitcen ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бұл жүйе арқылы жеңілдікпен тамақтану, балаларды бірінші сыныпқа тіркеу, дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау үшін өтінім беру, лагарьге жолдама алу, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай ұйіне тегін тасымалдауға жазылу, сонымен қатар, баланы басқа мектепке ауыстыру үрдістерін электронды түрде жүзеге асыруға болады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезекті қалыптастыру процесін автоматтандыруға облыс бюджетінен 58 млн. теңге бөлініп, е–zhetysu.kz порталы енгізілді.

Автоматтандырудың негізгі артықшылығы ата – аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз тандалған балабақшаларға жолдама алу мүмкіндігігін береді.

Алматы облысы елімізде бірінші болып бұл қызметті толық облыс көлемінде автоматтандырғанын айта кеткен жөн.

Қорыта айтқанда, алға қойылған міндеттерді орындау және болашақ ұрпаққа дамыған елді аманат етіп қалдыру баршамыздың ортақ міндетіміз.

С.Ө. Нұрғисаев

Қазақстан Республиксының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Алматы облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321