Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 5 Тамыз, 2011 сағат 12:54

Үндеу! Қазақ тілінің болашағы үшін үн қосыңыздар!

Кешелі-бері интернет қауымдастығы талқылаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» жобасының айналасындағы әңгіме расталып отыр.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мамандары әзірлеген заң жобасы бүгінгі күні министрліктер мен ведомстволардың арасында талқылану үстінде екенін мәлімдеп отыр!

Оның қай тұрғыда, қай бағытта талқылануы, қабылдануы ел азаматтарының қолында! Егер болашақтағы тіл туралы заңнама осы негізде қабылданатын болса, қазақ тілі мен ділінің шайқалмасы анық. Сондықтан да «Абай.қз» порталы еліміздегі әрбір саяси күштерді, ұлттық ұйымдарды, ел азаматтарын осы заң жобасы тұрғысындағы пікірталасқа белсенді түрде араласып, өз пікірлерін ашық білдіруге шақырады. Біз қазақ қауымын дәл осындай мемлекетшіл, мазмұнды да мағыналы заң жобалары айналасында бас қосып, ауызбіршілік танытуға шақырамыз!

Абайшыл болайық, алашшыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

 

Жоба

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Кешелі-бері интернет қауымдастығы талқылаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» жобасының айналасындағы әңгіме расталып отыр.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мамандары әзірлеген заң жобасы бүгінгі күні министрліктер мен ведомстволардың арасында талқылану үстінде екенін мәлімдеп отыр!

Оның қай тұрғыда, қай бағытта талқылануы, қабылдануы ел азаматтарының қолында! Егер болашақтағы тіл туралы заңнама осы негізде қабылданатын болса, қазақ тілі мен ділінің шайқалмасы анық. Сондықтан да «Абай.қз» порталы еліміздегі әрбір саяси күштерді, ұлттық ұйымдарды, ел азаматтарын осы заң жобасы тұрғысындағы пікірталасқа белсенді түрде араласып, өз пікірлерін ашық білдіруге шақырады. Біз қазақ қауымын дәл осындай мемлекетшіл, мазмұнды да мағыналы заң жобалары айналасында бас қосып, ауызбіршілік танытуға шақырамыз!

Абайшыл болайық, алашшыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

 

Жоба

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат;             № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14,            109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат;         № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат;          № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5,          5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат;           № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1,          5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат;          № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар;          № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13,                99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар;           № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24,           180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23,           114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар;            № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75,          76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат;

 

№ 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8,           41-құжат;   № 9,  44-құжат;  № 11,  58-құжат;  № 13,  67-құжат;  № 15,  71-құжат;

№ 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар;         № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 г., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26,         28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 8, 64-құжат):

1)       81-бап  мынадай редакцияда жазылсын:

«81-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Лауазымды адамның тiл бiлмеймiн деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының  деректемелер мен көрнекті ақпараттарды орналастыруға қойылатын талаптарын бұзу, -

ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір айдың ішінде көрнекті ақпараттарды тіл туралы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келтірмеу, -

жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

он үшінші  абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мәдениет  саласындағы уәкiлеттi органның (81 (екінші және үшінші бөліктері), 130-баптар);»;

елу бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдардың (81 (екінші және үшінші бөліктері),                127, 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 346-352, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар;

аудандардың, облыстық маңызы бар қалаларының жергілiктi атқарушы органдардың (81 (екінші және үшінші бөліктері)-бап);».

2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж, № 9,          65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17,            82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат;           № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):

31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі тестілеу нәтижесі қажет.».

3.  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы   Жоғарғы  Кеңесінің    Жаршысы,  1993 ж.,  № 23-24,  507-құжат;

 

1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат;            2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», «поселкелерi», «поселкелердi», «категориялары», «категорияға», «категорияларына», «категорияларға», «ат қою», «атын», «аттарын»  деген сөздер тиісінше «кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттері», «кенттерді», «санаттары», «санатқа», «санаттарына», «санаттарға», «атау беру», «атауларын»  деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-баптың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«кемiнде екi мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшiн келетiндер саны кемiнде тең жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай кенттері жатқызылуы мүмкiн;»;

3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға атау беру мен олардың атауларын өзгертуге байланысты шығындар

Облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру мен олардың атауларын өзгертуге байланысты шығындар жергілікті бюджет есебінен, ал қажет болған жағдайда республикалық бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады.»;

4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Ономастикалық комиссиялары

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге атау беру және олардың атауларын өзгертуге, атауларының транскрипциясын нақтылау, сондай-ақ елдi мекендердегі аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, гүлзарларға, көпірлерге және басқа да құрамдас бөліктерге атау беру, олардың атауларын өзгерту туралы және атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Республикалық ономастикалық комиссия, облыс атқарушы органдар жанынан - облыстық ономастикалық комиссиялар, аудан атқарушы органдар жанынан - аудандық ономастикалық комиссиялар,    қала атқарушы органдар жанынан - қалалық ономастикалық комиссиялар құрылады.»;

5) 10-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай  редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, темір жол стансаларына, әуежайларға,  сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және олардың атауларын өзгерту туралы тәртібін белгілейді;

 

4) Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындылары негізінде және тиісті аумақ халқының, осы аумақтың өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;»;

6) 11-баптаң бірінші бөлігінде:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша ауылдарға (селоларға), кенттерге, ауылдық (селолық) округтерге атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту мәселелерiн шешеді;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде облыс орталығының аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына,  гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;

7) 12-бапта:

5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде аудан орталығының  алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшасымен толықтырылсын:

«5-2) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық  ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

8) 13-бапта:

4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, республикалық маңызы бар қала, астана - Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы   негізінде   қаладағы    аудандарға,      алаңдарға,     даңғылдарға,

 

 

бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, гүлзарларға, көпірлерге   және  қаланың   басқа  да  құрамдас  бөліктеріне   атау  беру    және олардың атауын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;

«4-2) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;

9) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердегі алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;

4. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8,         233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20,                   257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19,                88-құжат;  2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет етуге өз еркiмен тiлек бiлдiрген, мемлекеттік тілді белгiлi бір көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгеретін, өзiнiң iскерлiк, моральдық қасиеттерi, жасы, бiлiмi және денсаулық жағдайы бойынша жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi бола алады.».

 

 

 

5. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 32-құжат):

6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, мемлекеттік тілді белгiлi бір көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгерген, орта (орта білімнен кейінгі) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.».

6. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж.,
№ 10, 52-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж.,           № 1, 2-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«мемлекеттік тілді меңгеруі көлемі - Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша мемлекеттік стандарттарына сәйкес мемлекеттік тілді меңгеруі деңгейі.»;

2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап  тiлi

Мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қайтаратын жауаптары қазақ тiлінде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.»;

3) 16-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарда, кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ топтары мен сыныптарының саны елу пайыздан кем болмауы тиіс.»;

4) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында

Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, қазақ тілінде қажет болған жағдайда орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.»;

5) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында:

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары қазақ тілін насихаттауға тиіс;

 

Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының қазақ тіліндегі уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.»;

6) 19-бапта:

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлғалардың және нысандардың атаулары қазақ тілінде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары қазақ тілінде,  қажет болған жағдайда орыс тілінде транслитерация арқылы берiледi.»;

мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тиісті елді мекенде заңды тұлғалардың және нысандардың атаулары өзге тілдегі саны жиырма пайыздан аспауы тиіс.»;

7) 21-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат қазақ тілінде,  қажет болған жағдайда орыс және (немесе)  басқа да тiлдерде жазылады.»;

8) 23-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгеру қажет қызметкерлер және (немесе) қызметшілер:

1) мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде мемлекеттік қызметтің ерекше түрлерінің;

2) азаматтық қызметшілер;

3) жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec пайыз болатын ұйымдардың қызметкерлері.

Мемлекеттік тілді меңгеру қажетті көлемі мен деңгейі техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша мемлекеттік стандарттарына сәйкес белгіленеді.»;

9) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) республикалық терминологиялық комиссиямен мақұлданған терминдерді бекітеді;

3) Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметіне біліктілік талаптар және  аккредиттеу ережесін бекітеді;

4) елді мекендегі алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, гүлзарларға, көпірлерге және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгертудегі халықтың пікірін ескерудің тәртібін бекітеді;

 

5) республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады;

6) Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;

7) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген   өзге де функцияларды орындайды.»;

10) 25-бапта:

орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгерген жоқ;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

11) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-1-бап. Ономастикалық комиссиялардың құзыреті

1. Республикалық ономастикалық комиссияның құзыреті:

1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, темір жол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту туралы қорытындылар беру;

3) облыс орталығының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгертуді келісу.

2. Облыстық ономастикалық комиссияның  құзыреті:

1) ауылдарға (селоларға), кенттерге, ауылдық (селолық) округтерге атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

 

2) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу;

3) Республикалық ономастикалық комиссиясының келісімінен кейін облыс орталығының аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту,             сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

4) аудан орталығының алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгертуді келісу;

3. Аудандық ономастикалық комиссияның құзыреті:

1) аудан ауылдарының (селоларының), кенттерінің, ауылдық (селолық) округтерінің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

2) облыстық ономастикалық комиссиясының келісімінен кейін аудан орталығының алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

3) аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгертуді келісу.

4. Қалалық ономастикалық комиссиялардың құзыреті:

1) Республикалық ономастикалық комиссиясының келісімінен кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

2) облыстық ономастикалық комиссиясының келісімінен кейін облыстық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

 

 

3) аудандық ономастикалық комиссиясының келісімінен кейін аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне,  саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар беру;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу.»;

12) 25-2-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, аудандық атқарушы органдардың және өзге ұйымдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;»;

мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде облыс орталығының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына,  гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы облыстық өкілді органмен бірлесіп мәселелерді шешеді;

7) мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат мәтінін келіседі.»;

13) 25-3-бап мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде аудан орталығының, облыстық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына,  гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы аудандық өкілді органмен бірлесіп мәселелерді шешеді;

5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

6) мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат мәтінін келіседі.»;

 

 

14) мынадай мазмұндағы 25-5-баппен толықтырылсын:

«25-5-бап. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреті

Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде кенттердің,  ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне,тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;

15) мынадай мазмұндағы 25-6-баппен толықтырылсын:

«25-6-бап. Республикалық терминологиялық комиссияның құзыреті

Республикалық терминологиялық комиссияның құзыреті:

1) экономиканың, ғылымның, техниканың, білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің барлық салалары және қоғамдық, әлеуметтік-саяси салалар бойынша мемлекеттік тілдегі терминдерді  лингвистикалық сараптаманың негізінде қарау және мақұлдау;

2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекіту үшін өз құзыретi шеңберiндегi мақұлданған терминдер туралы қорытындылар енгізу.

3) қазақ терминологиясын реттеу,  термин жасау, өзгерту, жүйелеу, қалыптастыру, жариялау, қолданыс аясын кеңейту, тұрақты қолдану;

4) ғылыми-шығармашылық мүмкіндікті пайдаланып, ғылым мен техника, өндіріс пен мәдениет салаларындағы мамандарды топтастырып, олардан әрбір сала бойынша салалық терминологиялық секциялар құру;

5) терминологиялық лексиканы біріздендіру және терминологиялық қорды толықтыру;

6) қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру;

7) Комиссиямен мақұлданған және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген терминдердің баспа басылымдарда шығуын мониторингін жүзеге асыру.».

7. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы                           1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж.; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж.,             № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5,                 43-құжат):

4-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы қаласының өкілді органымен бірлесіп, қала аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына,

 

көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;».

8. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат;

№ 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжат; 2010 ж., № 24,           148-құжат):

13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қажетті бiлiмi, кәсіби даярлық деңгейі болуға және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгеру тиіс;».

9. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж.,  № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат):

6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сыртқы (көрнекі) жарнаманың мемлекеттік тілде берілген мәтініндегі әріптер өлшемі оның басқа тілде берілген мәтініндегі әріптер өлшемінен кем болмауға тиіс.».

10. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы               8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат;     № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):

30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) мемлекеттік тілді белгiлi бір көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгеру тиiс.».

11. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»                    2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж.,             № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

9-бап мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

«30) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде астананың мәслихатымен бірлесіп, қала аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, тұйық көшелеріне, саябақтарына, гүлзарларына, көпірлеріне және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.».

12.          «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат):

131-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлік білімі бар және мемлекеттік тілді белгiлi бір көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгерген, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкін.».

13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат):

6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, мемлекеттік тілді белгiлi бір көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес меңгерген, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.».

2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, оның ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434