Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 6380 9 пікір 6 Қазан, 2019 сағат 15:05

Нұрлан Нығматулинге ашық хат!

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы
Нұрлан Нығматуллинге!

 Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Түрік парламентінің спикері М.Шентоп мырза біздің елге келіп кеткеннен кейін біраз мәселенің әлі күнге дейін басы ашылмай қалып отыр. Қазірге дейін нұршылар мен гүленшілер сектасы туралы аз жазылған жоқ.  Феткуллах Гүленнің жұмысына сараптама жасап қарасақ, оның жамағатындағы капиталдың жалпы көлемі 50 млрд доллардан асып кетеді екен.

Бұл ақшаның бәрін олар заңды жолмен тауып отырған жоқ. «Нұршылардың» есірткі тасымалы мен қару-жарақ саудасы сияқты табысы көп кәсіпке де қатысы болуы мүмкін. Түрік баспасөзі осыған дейін олардың Түркиядағы бар капиталдың 30 пайызына («ислам капиталы») дейін иелік етіп отырғанын талай рет жазды. Мемлекет тарапынан қысым көргеннен кейін нұршылар астыртын әрекетке көшіп, спецслужбаға ұқсайтын арнаулы қызметті де құрыпты. Олар түркітілдес халықтар тұратын басқа елдердің экономикасына, саясаты мен дінаралық қатынасына дейін араласып, әртүрлі ақпарат жинауды қолға алып, Түркияда ғана емес, осы елдердің билігіне де астыртын түрде өз адамдарын ептеп енгізе бастады. Дәл қазір нұршылар осындай «өкілдіктерін» әлемнің 65 елінде ашыпты. Орталық Азияда нұршылардың 128 лицейі жұмыс істеді. Сөйтіп жүріп олар жылжымайтын мүлік сатып алады да, ол жерді адептары (мүриттері) жиналатын, жасырын бас қосатын ортаға айналдырады. Өздері діни ұйым ретінде тіркелмейді. Сондықтан олардың жұмысын бақылап отыру мүмкін емес.

Түркиядағы Саид Нұрсидың «нұршылар» деп аталатын (жоғарыда айтылған) діни жамағаты бар. Солардың  және «Хизметтің» идеяларын осы гүленшілер идеологиялық база ретінде пайдаланады. Билікті біртіндеп жаулап алып, биліктегі элитадан жақтастар жинап жатқан гүленшілерге көңіл бөлмеуге болмайды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке келіп тірелетін үлкен мәселе. Оған бей-жай қарау – болашаққа балта шабумен бәрдей нәрсе. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары гүленшілер өте күшті идеологиялық жүйе мен қаржы жүйесін құрды. Оның ішінде университеттер, 30-дан астам қазақ-түрік лицейлері мен басылымдар да бар. Оларды бизнесмендер, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер де жақсы қолдайды. Көп адамның көңілін тапқан. Үкімет мектепке дейінгі және орта білім беретін саланы барынша бақылауға алуы қажет. Осы жақында түріктің барлау қызметінің отставкаға шыққан қызметкері Нұри Гүндештің кітабы жарық көрді. Автор онда нұршылардың Американың Пенсильваня штатында орналасқан бас кеңсесі бар екенін жазыпты. 1990 жылдары нұршылар Орталық Азияда әрекет еткен ЦРУдың (ОББ) агенттеріне барынша қолдау білдіріп, оларды баспанамен қамтамасыз етіп отырған екен.

Қазір Қазақстанның бизнесмендерінің көбі осы сектаның мүшесі дегенді естіп жүрміз. Олардың нақты санын анықтап, мемлекет мұндай діни жамағаттардың жұмысын дер кезінде әшкерелеуі керек. Қазақ-түрік лицейлерінің аттарын тез өзгеріп, идеологотары - түрік оқытушыларын жылдамдатып Еуропадағы бөлімшелеріне аттандырып жібергеніне қарағанда, бұлардың қазір биліктегі лоббиы өте күшті. Жан-жаққа жол ашып алған. Жасырын жүрген осы сектаның маскасын шешіп, оның біздегі мүшелерінің  аты-жөнін атап тұрып айтатын уақыт келді. Бұлардың бәрі болашақта елге қауіп төндіретін, мемлекетті теократиялық, бір сектаның сойылын соғатындар басқаратын діни сипаттағы мемлекетке айналдырғысы келеді. Қазірден бастап іске кірісіп, осындай жасырын жұмыс істеп жүрген жамағаттардың жолын кеспесек, ертең қатты өкініп қалғалы тұрмыз!

Журналист Жолымбет Мәкіш

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5386