Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3982 3 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 11:41

ОАдағы балалар жезөкшелігінің басты себебі - кедейлік

Орталық Азияның посткеңестік бес елінде «балалар жезөкшелігі» жабық тақырып болып тұр. Осы тақырыпқа арналған OSCE-нің IWPR  ОА (Соғыс пен Бейбітшілікті ұғындыру Институты) ұйымы журналистік зерттеу жүргізіпті. Журналист Майк Фаркухар осы мәселеге қатысты ағылшын тілінде мақала жариялапты. Біз өз оқырмандарымызға осы материалды ұсынып отырмыз.

Аталған елдердегі кедей отбасыларынан шыққан 11-15 жастағы қыз балалар бұл ғадетке екі түрлі жолымен түседі екен. Біріншісі – ата-анасының итермелеуімен, екіншісі – жеңгетайлардың алдап-арбауымен. Көбіне осы елдердегі табысы төмен жанұялардың өрімдей қыздары Парсы шығананағына секс-құлдыққа сатылып кете баратын жағдайлар да орын алатынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Майк Фаркухар Түркіменстан шетелдіктер үшін жабық мемлекет болғандықтан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдері бойынша журналистік зерттеуін жүргізгенде адамның төбе шашы тік тұратын талай оқиғаларға куә болыпты.

Бұның себебі құқық қорғау органдарының нашар қаржыландырылуы әм онда орын алып отырған сыбайлас жемқорлықтың кесірінен қолданыстағы заң жұмыс істемейді дейді.

Қырғыз елінің оңтүстігіндегі 25 мың тұрғыны бар Қызылқия қаласы жас қыздардың өз тәнін саудалайтын орталығына айналғанына еуропалық жорналшы куә болады.

Қазақ парламентінің депутаты болған Ерасыл Әбілқасымов IWPR-ге: «Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздардың тәнін саудалайтын жасырын жезөкшелер үйлері бар. Оларды жас қыздарға есі кеткендер жағалайды. Тек Нұр-Сұлтанда ғана екі немесе үш осындай клубтар бар, ал, Алматыда оның саны бес-алтыға жетеді деп естідім. Өзге қалаларда да пайда бола бастады»,- деп жауап беріпті.

Клубты пана тұтқандардан бөлек өз тәнін жеке өзі саудалайтын жасөспірім жезөкшелер көшені торауылдайды. Қазақ полициясының дерегі бойынша әрбір үшінші «түнгі көбелек» кәмелетке толмағандар.

Ал, тәжіктің бас қаласы Душанбеде жас жезөкшелер базар маңын жағалап, өз тәндерін сондағы саудагерлерге  5-6 сомониге (2 АҚШ долларына) саудалайды. Ал жыныстық қатынас қоғамдық дәретханада немесе базар маңындағы сақалды құрылыстардың бірінде жүзеге асады.

Майк Фаркухарға жас жезөкшелік фактісіне қатысты Өзбекстаннан ақпарат алу оңайға түспепті. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне қарағанда бұл мәселеде ала тақиялылар тым консервативті әрі осы мәселені үнемі айналып өтуге тырысады екен.

Бірақ өзбек елінде бұл факті сирек кездестін оқиға болғанымен кәмлеттік жасқа толмаған қыздардың секс-құлдыққа сатылуы орын алып тұр.

Сонымен Ориалық Азияның жас қыздарын Батыс Еуропа мен Парсы шығанғы елдеріндегі бай-бағыландарға кәнизектікке сату үрдіске айналып кетті. Халықаралық миграция ұйымының мәліметі бойынша бір Қырғызстанның өзінен түрлі елдерге 4000 қыз жөнелетілетін болса, оның 10% кәмелетке толмағандар екен.

Тәжік қыздарын БАӘ (ОАЭ) жоғары жалақылы жұмыспен алдаусыратып, секс құлдыққа жегеді екен. Аты-жөнін атамауды өтінген тәжік бизнесмені: «Бұл елде дейді пәктігінен айырылмаған жас қыздар жоғары бағалантындықтан ОА азаматшыларына сұраныс жоғары. Әрі тым қымбат бағаға саудаланды» дегенді алға тартыпты.

Өзбек жеріндегі Мавлюда атты келіншек IWPR тілшісіне өзінің 15 жастағы қызын амалы жоқтықтан бай шейхқа 5000 долларға сатқанын ашып айтыпты. Иә, ОА балалар жөзекшелігінің әм бала саудасының басты себебі – кедейлік. «Мені 11 жасымда зорлап кетті, - деп еске алады Бішкекте жезөкше болып жүрген Нарындық жас қыз Назира. – Бәрін шешеме айтып едім, мені мүсіркеудің орнына, тамтығымдығы қалдырмай сабап, Бішкектегі әпкеме жіберді. Осында жүріп 13 жасымда Вера атты бірінші жеңгетайымды жолықтырдым».

Аталған елдердің барлығында 16 жасқа толмағандарды жезөкшелікке итермелеушіліктің жолын кесетін заң тетіктері болғанымен құқық қорғау органдарындағы сыбайлық жемқорлық бала саудасымен айналысатындарды құрықтауға дәрменсіз.

Ош қаласының 16 жасар жезөкшесі Мәдина өзінің тұрақты клиенттері милиция қызметкерлері мен шенеуініктер екені IWPR тілшісіне сыр қылып айтады. Қырғыз және өзбек елінде кәмлетке толмаған ұлдарды милиция қызметкерлері ірі бизнесмендер мен мемшенеуініктерінің қойынына салып беріп, фото немесе бейнетаспаға түсіріп алып, артынан олардан ірі көлемдегі ақша бопсалайтын  оқиғалардың жиі кезігетіні жасырын емес.

Автор тек қазақ елінде ғана жасөспірімдер жезөкшелігін ауыздықтау жақсы жолға қойылғанын ерек атап өтеді. Қазір Қазақстанда 2003 жылға қарағанда кәмлетке толмағандар арасындағы жезөкшелік 40%-ға қысқарып отыр. Өзге елдер бұл жағынан мақтана алмайды.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) жұқтыру жасөспірім секс-қызметкерлерінің қарасының артуына орай өсе түсуде.

Бірақ кәмлетке толмаған қыздар арасында өз тәнін сатпай, ермек үшін хоббиге айналдырған жасөспірімдер тобының пайда болуы да ОА елдеріндегі ірі проблеманың бірі. Бұл мәселе әлі ашып сөз етілмейді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475