CNN таратқан ақпаратқа сәйкес, Бейрутта наразылық білдірушілер "қызуы" күннен күнге көтеріліп жатыр. Олардың басты талабы: үкіметтің тез арада отставкаға кетуі, "технократтардан" құралған жаңа үкімет құру және экономикалық реформа жүргізіп, елде инвестициалық климат қалыптастыру.
Саад Хирири жетекшілік ететін үкімет наразылық білдірушілер талабын жартылай орындағандай болды, бірақ бұл керісінше халық толқынын күшейтіп жіберді.
Ливан халқы көшеге 17 қазанда үкімет WhatsApp және өзге мессенджерлер арқылы сөйлесулерге салық енгізу жөнінде ұсыныс білдіргеннен кейін шықты. Осылайша, бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр.
Ливандағы саяси жүйе діни топ мүддесін баланста ұстау үшін құрылған. Бірақ оны сынаушылар көп.
Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Ливан халқының төрттен бір бөлігі кедейшілікте өмір сүреді. Ондағы қиындыққа қарамастан, он миллион халқы бар Ливанға Сириядан 1,5 миллион босқын келген.
Abai.kz