Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8294 11 пікір 31 Қазан, 2019 сағат 11:47

Соңғы 30 жылда рушылдықтың ең жабайы түрі пайда болды

Билік басында халыққа үлгі көрсететін ұлтшыл тұлғалардың болмағанынан шығар, соңғы 30 жылда рушылдық қатты асқынып, рушылдықтың ең жабайы түрі пайда болды.

"Ыстық суда" демалып жатқан күні бір жігіттермен дастархандас болдық. Сол жердегі ауылдардың бірінен келгендер екен. Әңгіме арасында біреуі Райымбек батыр туралы сөз қозғап, батырдың албан екенін, өзінің руласы екенін айтып әбден мақтанды. Мен оған: «Бауырым, Райымбек батыр қазір тіріліп келсе, ең бірінші сені найзаға шаншып өлтіретін еді!» - дедім. Таң қалып, себебін сұрады. Райымбек батырдан албанның батыры жасап отырған өздері екенін, Райымбек батырдың кезінде қазақ үшін соғысып өлгенін, қазақтың батыры болғанын, қазақтың батыры болғандықтан арғыннан шыққан Малайсарының да ұрпаққа үлгі болсын деп анау төбенің етегіндегі албанның жерінде жатқанын айттым. Әлі жігіт сосын сабасына түсіп, қателігін мойындап, рақмет айтып елпектеп қалды.

Бір рудың төңірегінен шыға алмайтын осындай бықсыма әңгімені көп естимін. «Келесі президент найман болуы керек. Сол кезде ғана елде темірдей тәртіп болады!» деп өткенде тағы бір ағамыз көкіп кетті.

Маған албан болса да, арғын не адай болса да бәрібір, ұлтты ұйыстыра алатын ұлы тұлға болып шықса болды!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068