Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3286 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 13:11

Мұрат ӘБЕНОВ. Күрішіміз «қартайып» барады

 

Бұрындары «индустриализация» дегенде, ең озық технологияларды қажетсінетін ірі өндірістік салаларды айтатын едік. Ал бұл жолы маңызды жеті бағыттың ішінен бірінші болып аграрлық сала аталды.
Аграрлық сектор - мемлекеттің қарқынды дамуын ғана емес, тіпті оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азық-түлік өндірісіндегі маңызды фактор. Осының арқасында әлемнің ондаған елдерінде азық-түлік өнімдерінің бағасы 40%-ға ұлғайды. Мысалы, соңғы үш жылда бір ғана бидай құны 190%-ға өскен. Тек алдыңғы жылы бірқатар мемлекеттердегі бітік егіннің жақсы өнім беруі осы жағымсыз үрдістің жолын кескендей болды. Әлбетте, бағаның күрт өсуі - кедей мемлекеттердің халқына аса ауыр тигені де рас.

 

Бұрындары «индустриализация» дегенде, ең озық технологияларды қажетсінетін ірі өндірістік салаларды айтатын едік. Ал бұл жолы маңызды жеті бағыттың ішінен бірінші болып аграрлық сала аталды.
Аграрлық сектор - мемлекеттің қарқынды дамуын ғана емес, тіпті оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азық-түлік өндірісіндегі маңызды фактор. Осының арқасында әлемнің ондаған елдерінде азық-түлік өнімдерінің бағасы 40%-ға ұлғайды. Мысалы, соңғы үш жылда бір ғана бидай құны 190%-ға өскен. Тек алдыңғы жылы бірқатар мемлекеттердегі бітік егіннің жақсы өнім беруі осы жағымсыз үрдістің жолын кескендей болды. Әлбетте, бағаның күрт өсуі - кедей мемлекеттердің халқына аса ауыр тигені де рас.

Азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелді болу - жақсылық емес. Өз елінің халқын қажетті деңгейде азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алмау - өзекті  мәселе. Сондықтан «аграрлық мемлекет» деген термин-түсінік бұрынғыдай артта қалғандықтың, кенже дамудың көрсеткіші емес. Бұдан былай, керісінше, мемлекеттің дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігі өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алу-алмауына және экспорттық әлеуетіне байланысты бағаланатын болады. 
Мысалы, қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде күріштің жағдайы тіпті қиын. Өйткені күріш өндірушілер оның экспортқа шығарылуына әдейі шектеу қойды. Нәтижесінде оның құны ұшып кетті. Алайда сыртқы саудаға шектеу қою мейлінше көп пайда табуды ғана көздеген жоқ, оған  ішкі сұраныстың өсуі де ықпал еткен сыңайлы. Мұндай жағдай, шынында  да, орын алғанын теріске шығара алмаймыз. Өйткені күріштің ірі өндірісшісі саналатын  Қытай, Үндістан, Мысыр, Вьетнам секілді елдерде халық саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұлар - бала туудың жоғары көрсеткіштеріне ие мемлекеттер.

Мұны міндетті түрде атап өту керек, күріш азық-түлік ресурстарының ішінде мейлінше құрметке ие. Бір жағынан, бұл -  Шығыс және Солтүстік Африка сияқты бірқатар елдер үшін дәстүрлі тағам. Екінші жағынан, аталған дәнді дақылды өсіру ерекше жағдайды, көп күтімді, оның ішінде өте көп көлемде суды қажет ететіні белгілі. Сондықтан әлемдік нарықта күріш дақылы жеткіліксіз. Мысалы, жер бетінде жыл сайын шамамен 650 миллион тонна күріш өндірілсе,  әлемдік саудаға оның тек 30 миллионы ғана шығады. Демек, экспортталатын күріш мөлшері өте аз, жеткіліксіз деп толық айтуға болады.
БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, дағдарыс салдарынан  дүниежүзінде аш құрсақ адам  саны шамамен 100 миллионға көбейген. Тіпті аса тойымды ел саналатын Америка Құрама Штатында күріш бағасы екі есеге өсіп, оның тоннасы 1000 долларға жеткен. Ақ үй амалсыздан мынадай тәсілге барды, олар бізге сонау Кеңес дәуірінен таныс бөлшек сауданы мөлшерлеу (бір сатып алушыға 2 келі күріштен) тәсіліне жүгінді.
Біреу білер, біреу білмес,  Қазақстан күріш өсіретін 112 елдің қатарында, ел ішіндегі қажеттілікті қамтамасыз етумен қатар оны экспортқа да шығаратыны белгілі. Десек те, отандық күріш шаруашылығы саласында шұғыл шешімін шығаруды күтіп тұрған бірқатар проблемалар бар.
Бидайдан кейінгі  екінші маңызды дәнді дақыл - күріш, егіс алқабының небары 0,6 пайызын және дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастарды жинау саласында бар болғаны 1,5 пайыздық үлеске ие. 1990 жылдан бастап күріш егілетін егіс алқаптары 124,5 мың гектардан өткен жылы 88,3 мың гектарға дейін, яғни 30 пайызға қысқартылды. Былтырғы астық науқанында жиналған бар күріштің 294 мың тоннасын қайта өңдеуден кейін 147 мың тонна күріш жармасын алыппыз, бұл халықтың белгіленген нормативтік қажеттілігін ғана өтейді.

Елдегі күріш алқаптарының 88 пайызы Қызылорда облысының аумағында, ондағы әрбір үшінші адамның күріш шаруашылығына қандай да бір қатысы бар. Бұл аумақ климаттық жағдайы бойынша да, су ресурстары бойынша да тарихи қалыптасқан күріш қоймасы болып табылады. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа өңірлерде күріш өсіру жұмыстары нәтиже бермегені белгілі. Облыс аумағында 200 мың гектардан астам жоспарланған жер бар, оның 151 мың гектары жер өңдеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда бұл алқап 65 мың гектарға дейін қысқартылған. Ол тек жыртылған егіс қана емес, арнайы жер өңдеу технологияларына арналған күрделі, қымбат бағалы гидротехникалық құрылыстар мен инженерлік-жоспарлы жер жүйесі болып табылады.
Өзіміздің өндіретін өніміміз аз, ал шетелден жеткізу көлемі тіпті қысқарды. Нәтижесінде, отандық күріш бағасы өсе бастады. Егер 2007 жылы күріш келісі орта есеппен 70-80 теңге болса, өткен жылы 130 теңгеге дейін көтерілді. Ал биыл күріштің отаны саналатын Қызылорданың өзінде оның келісі 170-180 теңгеге жетті, Алматыда 270-280 теңге болса, еліміздің өзге аймақтарында орта есеппен 210-220 теңгеге сатып алуға болады екен. Демек, өткен жылмен салыстырғанда, баға 60 пайыздан астам өскен. 
Баға неге бұлай көтерілді? Басты себеп - күріш шығынды көп қажет ететін дақылдардың бірі. Өкінішке қарай, күні кешеге дейін күріш шаруашылығына көңіл аз бөлініп келді. Мысалы, 1 гектар күріш өсірудің  өзіндік құны орта есеппен 100 мың теңге болғанда, мемлекет тарапынан 2006-2007 жылдары бұл салаға (орта есеппен 6 - 7 мың теңге) бөлінетін субсидия диқандар шығаратын шығынды  өтемейтін. Осы мәселе өткен жылы көтерілгеннен кейін жағдай біршама өзгерді. Мысалы, 1 гектар жерге берілетін субсидия 20 мың теңгеге дейін өсті.  Бұл  дайындық жұмыстарын жүргізуге және мол астық алуға мүмкіндік берді. Ал бағаның өсуі, шыны керек, соңғы жылдары қаржы тапшылығынан бірді екі ете алмай отырған шаруашылықтарға демеу болды. Бірқатар шаруашылықтар жылдар бойы қордаланған жалақы қарыздарын төлеп, тұқым, отын және тыңайытқыш қорын жинап алды. Қазір диқандар жаңа техника алуды да қарастырып жүр. Бұрынырақ  бұл салаға сирек келетін инвесторлар да бағаның өсуімен күріш аймағында жиі келетінді шығарды. Ауыл еңбеккерлері арасында, сөйтіп, ауыл шаруашылығының болашағына деген үміт пайда болды. Ең бастысы, ауыл мемлекеттің басым жобасына айнала бастағанын сезіне алды. Және маңызды көрсеткіш ретінде жастардың ауылға орала бастағанын айтуға болады.
Демек, бұл салада қиындықтар әлі де жетерлік,  оны шешетін ұсыныс-жобалар да жоқ емес. Қызылорда облысындағы  өзекті проблемалардың бірі - ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету. Су тапшылығы проблемасының объективтік сипаты бар екені сөзсіз. Дегенмен бірқатар мәселелер Су ресурстары комитетінің қызметінде жүйелі жұмыстың жоқтығынан да туындап отыр. Су шаруашылығындағы жағдайдың мониторингі мен болжамы бойынша жұмыстың жеткілікті түрде атқарылмай отырғанын айтпай кетуге болмайды. Облыстағы жер өңдеушілер жыл сайын тұқым себу науқанын үлкен алаңдаушылықпен қарсы алады. Оның бастапқы кезеңінің өзінде-ақ  су тапшылығына байланысты елеулі проблемалар бой көрсетеді. Бұл жағдайда негізгі проблемалардың бірі - гидрогеологиялық режимдердің жеткілікті түрде есепке алынбауы және Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің метеорологиялық қызметімен үйлесімді әрекеттің болмауында.

Әрине, экологиялық тұрғыдан күрделі өңірде күріш өсіру және суармалы жер өңдеуге байланысты жұмыс жағдайы - ғылымды көп қажетсінетін процесс. Оның үстіне, соңғы жылдары күріш өсірудің жаңа технологияларын, күріштің суды аз сіңіретін және жоғары өнімді сұрыптарын енгізу, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру арқылы суармалы жерлерді қысқарту салдарын азайту жөнінде шаралар қолданылмады. Бұл тапсырмалар Арал өңірі проблемаларын кешенді түрде шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламада көзделген болатын. Ғылыми орталықтар мен институттар жұмыс істесе де, күріш өсірушілер олардың жұмыс нәтижесін сезіне алмай отыр. Осы іс-шараларды орындауға қаржы-қаражатының салынбауы себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлімшелерінің оларды орындай алмай отырғаны түсінікті. Ғылым мен практика күріштің өнімділігін жақсарту үшін өсірілетін күрішті әрбір үш-төрт жыл сайын басқа жоғары сапалы тұқыммен алмастырып отыру қажеттігін дәлелдеді, бұл -ке дейін артуын қамтамасыз етеді. Алайда соңғы%-ден 70%өнімділіктің 50 20 жыл ішінде күріш сапасын жақсарту жөнінде шаралар қолданылмады. Мәселен, бүгінгі таңда 1987 жылы енгізілген «Ақмаржан» атты күріштің белгілі сұрыпының шаруашылықтық және биологиялық сапасы нашарлады және ол тез арада ауыстыруды қажет етеді. Осындай сұрыптан қандай жоғары өнімділік күтуге болады? Жергілікті ғалымдардың жаңадан аудандастырылған сұрыптар енгізіп жатқаны белгілі, бірақ оларды кеңінен енгізуге қаражат жоқ. Мысалы, болашағы зор «Арал 202» сұрыпы әлі енгізілген жоқ.

Күрiш өсiрудiң қалыптасқан технологиясында суландыру және коллекторлы-дренажды желiге көп күш түседi, тұнбаланады және олар жиi iстен шығады, бұл агроэкологиялық жағдайды одан әрi нашарлатады. Суландыру арналары мен коллекторлы-дренажды желілердің техникалық жай-күйі мен олардың пайдалы әсер коэффициенті жер ресурстарын да, су ресурстарын да бүлдіретін көзге айналып, сапалық деңгейі төмендеп отыр.  жуығын күріш жүйелеріне жеткенше жоғалтып%Бұл өзі қат ылғалдың 60%-ға алуға әкеп соғады. Бұл сомалар күріш өсірушілерге ғана емес, жергілікті бюджетке де ауыр тиеді. Егер біз тиімсіз пайдаланудың өзінен осынша % азайғаны үшін егістікті қысқартудың%жоғалтатын болсақ, судың 20 қажеті жоқ шығар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, метео және гидрогеологиялық жағдайларды зерттеу нәтижелері негізінде жер өңдеу мен ауылдық аумақтарды дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау керек.

Күріш шаруашылығы суландыру, дренаж желілерін, мелиорациялық жүйелерді реконструкциялаумен, күріштің жаңа сұрыптарын енгізумен байланысты шаруашылықаралық жұмыстар жүргізуді көздейтін, капиталды көп қажет ететін сала екенін ескере отырып, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы базасында күріш шаруашылығы, қайта өңдеуші шаруашылықтарды, агросервис қызметтерін ерікті түрде біріктіру арқылы қоғамдастық немесе консорциум құру мүмкіндігін қараған жөн болар еді, мұның өзі ӘКК-нің бастапқы мақсатына сай келеді.

 

 

«Жас қазақ» газеті, №24, 19.06.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529