Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Жаңалықтар 2324 0 пікір 16 Тамыз, 2011 сағат 06:13

Жер телімін заңсыз заңдастырып алған Астана тұрғыны 6 жыл колонияға сотталды

АСТАНА, 16 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Жер телімін заңсыз заңдастырып алған Астана тұрғыны мүлкін тәркілеумен 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі (қаржы полициясы).

«Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) елорда тұрғынына қатысты  қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Ол алдау және сенімге қиянат жасау арқылы уәкілетті органдарды жаңылыстырып, қозғалмайтын мүлікке жалған заңдастыру шешімін және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісін жалған жасап, жер учаскесін заңдастырып, мемлекетке жалпы соммасы  9 млн. теңгеден астам залал келтірген», - деп көрсетілген хабарламада.

Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық), 325-бабының 2-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1123
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1554