Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2028 0 пікір 16 Тамыз, 2011 сағат 13:23

Интернет-конференция: Азат Перуашев (жалғасы)

Саясат сахнасында ұзақ жылдардан бері өзіндік ұстанымы мен жолынан таймаған, табанды саясаткерлердің бірі  - конференциямыздың кезекті қонағы «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап қатып отыр.

«Абай-ақпарат»

- Шерхан мен Камал ағаларымыздың кезінде «Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда» деген «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған хаттарының бірінде «Қазақ халқы алтын сандықтың үстінде жалаңаш отыр» деген теңеуі бар еді. Осы теңеуді әлі де болса халқымызға келтіріп айтуымызға болады. Шынында да жерінің мол қазба байлығын өзінің игілігіне жұмсай алмай отырған қазақтың халі аянышты. Айта-айта жауыр болған тақырып, ол Қазақстандық компанияларда қазақтардың жалақысы сол компаниядағы шетелдік әріптестерінен неге төмен болуы керек?! Өз елінде қағажу көріп, жетімсіреген осы қара көздеріміздің жайын қашан қолға аламыз? Осыған не дейсіз.

- Бұл мәселе қараусыз қалмайды. Өйткені бүгінгі таңда ел ішіндегі көптеген толқулар мен қарсылық шерулері осы мәселенің төңірегінен шығып отыр. «Атамекен» палатасында жұмыс жасаған уақытымда да Сіз көтеріп отырған мәселеге қатысты өзіндік ой-пікірімді білдіріп, түрлі жиындарға қатыстым. Шынын айту керек дәл осы мәселе бойынша 10 -нан астам заңдарға өзгеріс енгізуге «Атамекенде» жүрген кезде мұрындық болдық. Сондықтан егер парламентке бара қалған кезде біз осы әселені жүйелі түрде назарда ұстап, нақты шешімдерге қол жеткізетін боламыз.

- Азат Тұрлыбекұлы, парламенттегі гендерлік саясатты дамытуға көңіл бөліңіз. Әйел - ана қанша дегенмен кез-келген мәселеге үлкен жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарайды. Әйел адам кез келген мәселеге ана көзімен қарап, кез келген мәселеде ортақ тиімді шешім шығаруға бейім болып келеді. Төменгі палата депутаттарының қатарында нәзік жандылар көбейсе, қоғам одан ұтылмайды.

- Гендерлік саясаттың жақтаушысымын. Қыз-келіншектерімізді, апа-қарындастарымызды мемлекеттік басқару орындарына, саясатқа және өзге де еліміздің маңызды салаларына қызметке тартуымыз керек. Өйткені қатарымызда жүрген нәзік жандылар айналасына көрік беріп қана қоймай, сонымен бірге көптеген мәселеде тың ой, жаңа пікірін қосып жатады. Мысалы «Атамекендегі» қызметімде бірінші орынбасарым да әйел кісі болды. Көптеген экономикалық, заңнамалық сауалдарды қарастыру кезінде, ол кісі әрбір мәселені жіті қадағалап, біздің назарымыздан тыс қалып қойған кей проблемаларды көре білетін.

Сондай өзіміздің асыл аналарымыздың әлеуметтік, басқада мәселелерін біз өзіміздің бақылауымызда ұстайтын боламыз.

- Оралмандар мәселесіне көңіл бөлесіздер ме? Бұл топтың сенімінен шықсаңыз, партияны қолдаушылар қатары көбейер еді.

- Бүгінгі таңда  еліміздің экономикасының даму жылдамдықтары, көрінбейтін бір мәселені - елімізде жұмыс күшінің жетіспеушілік мәселесін көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде біз шет елден жұмыс күшін әкелетін елге айналып отмрыз. Ал енді өзіміздің қазақтар төмен жалақыға жұмыс істеп отыр, немесе мүлдем жұмыссыз жүр.

Ал сыртта қаншама қазақ «елім» деп Қазақстанға жете алмай жүр.

Алдында айтқандай, көптеген ірі және орта бизнестегі компаниялар білікті мамандарға зәру. Осы ретте сыртта жүрген қандастарымызды елімізге тарту арқылы мамандар тапшылығы мәселесін шешуге болады.

Еліміздегі оралмандардың да кезігіп отырған күрделі қиындықтары бар. Әрине, біз өз замандастарымызды мазалаған мәселелерге бей-жай қарай алмаймыз. «Ақ жол» партиясының назарынан оралмандар проблемасы тыс қалмайды. Олардың мәселесін шешу қазақ деп соққан жүректің әрқайсысын бей-жай қалтырмайтындығы анық.

Соңы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520