Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 5509 61 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 12:39

Әліпби жасау әркімнің ермегі емес!

Қабылданған әліпбилеріміздегі ұқсастықтар мен өзгешеліктер арасынан жол тауып, ортақ ұйғарымға келуіміз керектігін көзі қарақты жан жеке біреулердің жасаған әліпбилерінің олпы-солпылығынан аңғара алады. Әрі жұрттың бәрі алғашқы үш нұсқаны жасаған ұжымдық еңбекті жоққа шығаруды басты ұстаным етіп алды. Үш нұсқаны жасаушылар көзімізді ашып, ұлттық әліпбиді қалай жасауға болатына жол нұсқады. Абай кз осы мәселені басты орынға қойып, түрлі пікірлер мен көзқарастардың ашық алаңына айнала білді. Латынға көшуде QWERTY-ДІҢ 26 әріптік пернесі сол күйі қала ма, қалмай ма?

Осы мәселе осыған дейін қабылданған әм бірін-бірі жоққа шығарған әліпбилеріміздегі ұқсастықтар мен өзгешеліктер арасынан жол тауып, ел болып ортақ ортақ ұйғарымға келуіміз керектігінің басын ашып бере алды.

Ресей қолтығына су бүріккен ресейшіл орыс тілді БАҚ, телеарналарымыз қазақ латынына қарсы өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қалып, түрлі саққа жүгіртілген ақпараттар ағынын толастатпауда. Қазақтан тек бір мәселе бүгіліп қалуда ол QWERTY-ЛІК қолданылым. Орыс барлауы қазақтың QWERTY-лік қол жетімділігінің болшағын көре алмай, өздері ақшаға сатып алған түрлі деңгейдегі тыңшыларын «Қазақ латынына қарсы» жаппай күреске жұмылдырды. Біздің «Абай кз» шыққан мақаларға жазылатын коменттерде қисық пікір айтатындардың санын да, қарасында көбейтті. Кейбіреулер «Латын жазуы қабылданса, қазақтар балаларын орыс мектебіне бере бастайды» деген ақылгөйлік те танытты.

Отарлық кездегі әріптік құлдықтан арылатын сын сағат туды. Одан тек QWERTY кіләбәсін жаңа латында ағылшын қолданысымен бірдей етіп кіріктіре білсек ұтамыз. 

QWERTY (жазу мәшеңкесінің үстінде орналасқан алғашқы алты әріптің атауынан шыққан) пернесіне орындық (позициялық) ауыс-күйіспен толық енетін, ағылшындық қолданыстағы барлық тыныс белгілері мен символдар, сандар т.б. еш өзгеріссіз ана тілімізде жазыла беретін оңтайлылық. Егерде ә, ң, ғ, ү, ө және и сияқты төл әріптеріміз үшін апостроф пен акуттың бірін қабылдайтын болсақ, жаңа QWERTY қазақы бағдарламасын жасап шығу үшін қыруар қаржы кететін зор шығынға ұшыраймыз. Ағылшын тілді камптық бағдарламаларды пайдалануда апостроф пен акутты жазулар оқылмай әлекке түсеміз. Бізге ағылшын QWERTY-і қалай орналасса, қазақ соны тек мән-таңбалық ауыс-күйіспен пайдалантын әліпби керек. Ағылшын пернесін өзгеріспен пайдаланушы елдердің бәрінің төл тілдері дәл қазақтай дағдырысқа ұшырамаған. Біз орыс жазуынан ірге ажыраттық. Оны қолданған кезде қазақ әріптері төбеге шығып кетіп, QWERTY-ді пайдалануда ерекшеленіп тұрғанымыздан қорытынды шағарайық. Біреулер кирил керемет еді дейді. Бұрынғы жазуда қала берейік те дегенді алға тартады. Дәл қазір РФ қолданатын орыс жазуы QWERTY-ден зардап шегіп отырғаны кейбіреулердің ойына кіріп те шықпайды. 

Орыстар QWERTY-ГЕ «», №, : ? . ,-лік таңбалық және х ъ ж э б ю әріптерінің орналасуына бейімделген 12 түрлі өзгеріспен кіріп отыр, яғни, өздері мақтап «Қазақ неге қалмайды?» деген қазақ кірілі QWERTY-ГЕ 13 түрлі өзгеріспен жазудағы әріп-тесі орыстардан ірге ажырата кіріп отыр. Орыстан 1 өзгеріске һ әріптік таңбасы негізінде артық болып келдік. Үстіге жапсыратын қазақша желім әріп іздеп ала-шапқында болдық. 

Бір кездері біз қолданған төте жазудың түп қазығы араб жазуының сөз басы, сөз ортасы және сөз соңылық классикалық 90-ға тарта әріптік таңбасы QWERTY-ГЕ сыймай жатыр. QWERTY-ГЕ латынды бұрыннан қолданатын апостроф пен  акут жазулы елдер де еш қайран қыла алмай отыр. Түркі елдерінің латын жазуын қабылдаған тілі бүлінбеген ұлттары да QWERTY-ГЕ өзгеріспен еніп, сан соғуда.

Себеп үш (ағылшынан өзге латын, араб пен орыс) жазулары да QWERTY-ГЕ бейімделмеген. Ал, қытайлар QWERTY-ГЕ бейімделіп, пішпек жазуындағы (иероглифтеріндегі) сөздерді латынша тереді. Қазақ бейімдейін десе әріптің басын ісіріп, аяғын сындыратындар көнбейді. Көнбейтіндер не латын жазуының болашағына сенбейді, не кампьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеп көрмеген жандар. 

Осы уақытқа дейін бірінен кейін бір қабылданған жұрт жаппай сынаған үш әліпбиді де тілші ғалымдар тобы ыждаһаттықпен жасап шықты. Білімділіктері мен милетшілдіктерін таныта алды. Бәрі жабылып өзгеріссіз әріптер туралы ортақ тұжырымды қалыптастырды. Ae, oe, ue, gh, ng, ch, sh, zh сияқты қосар дыбыстың қажеттілігін дәлелдеп бере алды.  Басы артық болып қалған W мен C әріптерін У және Ш таңбалауға жарайтынына жұрттың көзін жеткізді. Әрі қосар таңбаға жарайтын Х бос әрпіне қатысты пікірлерді өмірге әкелгізді. Осылайша, ел талқысынан өткізіп, QWERTY-ДІҢ 26 әріптік пернесін кәдеге жаратудың бірізге түскен ортақ тұжырымына жол ашты. Бірінші рет қазақ әрпі 42-ден 31-ге дейін қысқарып, ю, э, ъ, ь, я, щ, ц, ё, ч сияқты кірме әріптерден басы бүтін құтылып, «ф, в, х және һ әріп жаңа әліпбиімізге қажет пе, қажет емес пе?» деген проблемаға тұмсық тіретті.

Үш әліпбидегі әріп саны 1-ші нұсқада 33 әріп болса, ол 2-ші нұсқада және 3-ші нұсқада 1 әріпке ықшамдалып, 32 әріпке, ел тасқынан кейін ч алынып, 31-ге жеткеніне куә болдық.  Үш нұсқаға да бөркімізді аспанға аттық. Үш әліпбиде білгірлікпен түзілген. Тек соңғы нұсқаларда апостроф пен  акут жазылуына ден қойылып, QWERTY-ДІҢ кілтипаны қаперге алынбаған. Әріпті баспаханада қолмен терген шақта олар ұсынған апостроф пен  акуттық әріптер еш кедергісіз басылса, камптық терімде қолайсыздық туғызады. Осы жағы ойластырылған бірінші нұсқа шамалы өзгеріске түсіп қабылданса, ұлтымыз төл жазуын өмірге әкелуде ұтады.

Сонымен үш әліпбиде жиылып келгенде в, ф, ч, х-һ, й кірмелерін сақтап қалуды қалайды. Бірінші нұсқа ч кірмесін қосар дыбысты таңбалауына орай санаттан шығарып тастап дұрыс істеген. Кейбір қауым осы әріптердің мүлдем алынып тастап әліпбиіміздің тек а, ә, б, д, е, г, ғ, і, и, ж, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, р, с, т, ұ, ү, у, з және ш-дан ғана тұрғанын құп көреді.

Әліпбилік орналасу бойынша үш әліпбидегі ұқсастықтар а, b, d, e, g, z, i, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u және y (а, б, д, е, г, з, і, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, ы) сынды 19 төл әріп, үш кірме әріп (f, h, v//ф, х, в) яғни, жиыны 22 әріп үш нұсқада да еш өзгеріссіз алынып отыр. Бұл үш әліпбиді жасаушылардың даусыз жетістігі. Алғашқы екі нұсқаны жасауға кампьютерлік бағдарламадан хабары бар маман жігіттер ат салысса, соңғысына тек тілшілер ғана қатыстырылғанын төмендегі жағдайдан байқаймыз. 

1-ші нұсқада x ғана кәдеге жартылмаса, қалған нұсқаларда үш әріп c w x пайдаланылмай қалған. Кейінгі түзету жасаушылар c-ш, w-у болып белгіленсін дей келе, x бос таңба ретінде диграфқа сұранып тұрған қосар әріптің сыңары бола алады деген пікірлерін білдірді.

QWERTY-ДІҢ 26 әріптік пернесінің 25-ін диграф арқылы қәдеге жаратқан 1-ші нұсқа біршама ұтып тұр. Екінші нұсқаны жасауға қатысқан бағдарламашылар 1-нұсқадағы қосардың сыналғанын ескеріп, амалсыздан орыстың Ё әрпі орналасқан жердегі ағылшындық (`) белгісін пайдалануды енгізгеніне көз жеткіземіз. Бұл нұсқа өте оңтайлы болғанымен жазған кезде де, баспа жұмыстарындағы Adobe InDesign-да, Adobe Photoshop-та,  сайт жасауда қолданылатын html, php кодтардың мәтіндік редакторлары Notpad++-те, SUBLIME TEXT EDITOR, Brackets-терде және жаппай бұқралық сипаттағы слайдшоу, логотип, визитка, күнтізбе т.б. жасайтын Cooltext.com сынды онлайн сервистерде,  конструкторларда (`) белгісі қойылған әріптеріміз өзі бірге тұратын әріптен алшақтап кетеді. Камп бағдарламашылар өздері істес болған тілшілерді 1 және 2 нұсқада QWERTY-ДІҢ өзгеріске түспеуіне көндірген. Бәрі бір осы  таңбалайтын белгінің (`) алшақтауы, шрифтік дизайн әсемдігі үшін қосымша  9 (a`, g`, i`, n`, o`, c`,s`u`, y`) таңба үстеуге мәжбүр етеді.

Тек тілшілер бағдарламашылардан ірге ажыратып жасаған соңғы нұсқа 6 түрлі өзгеріспен енбекші болды. 

Егер тап осындай таңбалануға негізделген нұсқалар ене қалса, онда sans-serif, monospace, serif  т.б. түрде бедерленетін OpenType, TrueType, ASCII/Unix Type 1, TrueType AAT, Mac TrueType, Georgia, Trebuchet MS және басқа латындық ағылшын шрифті форматтарына 6 өзгеріс қосуға мәжбүр боламыз. Әрі соңғы жобаның авторлары өз өзгерістерін енгізбекші болып отырған ó, ı, ǵ, á, ń, ú әріптері енсе бірінші пернедегі – [{-ó] [}-ı], екінші пернедегі – [;-ǵ],[‘- á], үшінші пернедегі – [<ń] немесе [>]-[?] біреуі (ú) боп белгілене қалса, бұрын сол орындарда тұрған асты-үстілі [{}] [[]], [:;],['»], [<>],[,.], [?/]  тыныс белгілік таңбаларын басқа жерге басқаша орналастыруға мәжбүр боламыз. Ал, олардың саны көріп тұрғандарыңыздай – 13-ке жетіп жығылады. Енді осы мәселені тек диграф қана ушықтырмай шешіп береді. Әрі осы мәселені үшінші нұсқадағы – зорлықпен енгізілген акут еш шешпейді. Қайта бәрін ушықтырады. Екінші нұсқада диграф мүлдем жоқ. Ч мен Ш қосарлары C` және S` деп таңбаланады. Осылайша жұртқа ұсынылған бірінші нұсқа қосарлы дыбыстарды қолдануды жоққа шығармайды, екінші нұсқа қосар дыбыссыз да бәрін (`) арқылы QWERTY-ДІ сол күйі қабылдауымызға болатындығына көзімізді жеткізеді. Ілкі екі жобаны өмірге әкелушілер латын әрпіне қиналмай өтудің шешімін таба алған, өз ұстанымдарын жеріне жете дәлелдей алған, бірақ үшінші нұсқадағыдай үлгіге тастай қатып қалушылар ішіндегі кейбіреулері үстідегі әм астыдағы ноқаттың Ý, Ä, Ș, Ҫ-лардың камптық бағдарламаларда оқылу-оқылмауы, кәдеге жарауы мен жарамауын естен шығарып алуда. Әрпіміз тек жазуда ғана емес, ана тілімізде ағылшындық бағдарламаларды игеруде де қолбайлау болмауы керек.  Түрік те, түркімен де, өзбек те, әзербайжан да ағылшын тілді бағдарламаларды ана тілінде игеруде төл жазуларын кәдеге жарата алмауда. Әрі өз тілі мен ағылшын тілін жарыстыра қолданады. Біз тек кіріл мен ағылшынды ғана қолдана аламыз. Бұрын қазақ кірілі, орыс кірілі және ағылшынан бірінен-біріне өтетінбіз. Енді олай болмайды.

Диграфтық белгілеуден 2-ші нұсқа бойын аулақ салса, үшінші нұсқа ш мен ч-ны “sh, ch” деп белгілеп екі диграфты қосқан. Бұдан шығатыны әліпби жасаушылар диграфтан қашып отырған жоқ деген қорытынды жасауға әбден болады. 

Өзгеріспен алынған әріптер саны: 1 нұсқада 8 (ae, oe, ue, gh, ng, zh, sh, ch), 2-ші нұсқада 9 (a`, g`, i`, n`, o`, c`,s`, u`,y`), 3-ші нұсқада 9 (á, ǵ, ń, ó, ú, ý, sh, ch және ı). Бірінші нұсқада орын алған өзгерістер қалған екеуінен қарағанда QWERTY-ГЕ еш зәбінін тигізбейді.

Сонымен үш жобаның авторлары да басы ашылған төмендегідей: а/a, б/b, д/d, е/е, ф/f, г/g, х/h, і/i, ж/j, к/к, л/l, м/m, н/n, о/о, п/p, қ/q, р/r, с/s, т/t, ұ/u, в/v, ы/y, у/w, з/z және ш/c сынды 25 төл әріптерімізді ешкім дау айтпайтындай етіп белгілеп бере алды. Нәтижесінде осы үш нұсқада жіберілген кемшіліктер де ашылды. Олар пікір айтушылар тарапынан жөнге келтірілді.

Енді ә, ң, ғ, ү және ө мен и сынды қосарлары әріппен жазылуға тиіс дыбыстарға берілген таңба анықталуға тиіс. 

Үш нұсқада ж-zh, j; у-w, у́, y`; ә-ае, á, a`; ғ-gh, ǵ, g`; и- j, ı, i`; ң- ng, ń, n`; ө-oe, ó, o`; ч-ch, c`, ш-sh, s`; ү-ue, ú, u` болып түрлі өзгеріспен берілген әріптер саны 10. Қазір осы үш нұсқаға пікір айтқандар ж-j; ш-с; у-w таңбалауға тиіспіз деп орынды ұсыныстар жасады. Ал, онсызда қосар әріпті таңбалаған ч әрпін әліпбиге енгізге қарсы шығып, әріп санының 31 болғанын құптады. Бар даулы мәселе ә, ң, ғ,ү және ө мен и сынды 6 әріпке қатысты өрбіп жатыр. Бұл орайда осы әріптерді қосар таңбалау үшін ә-ае, аһ, ах; ғ-gh,; и-іһ,іх, іg; ң- ng, nһ, nх; ө-oe,оһ,оg, ох; ү-ue, ug, uһ, uх нұсқалары талқылауға түсті. Енді тілшілер ортақ тіл табысып, осылардың белгілі бір тіркесімінде олардың сөз, дыбыс жігінде қате оқылмайтын қосар нұсқасын бірауыздан мақұлдап әліпбиге енгізулері керек.

Үш нұсқада өтпей қалған соң, жеке дербес әліпби жасаушылар өздерінің орынды да, орынсыз нұсқаларын БАҚ жариялай бастады. 28 әріп жақтаушы ұлтшылдар мен 31 әріпті қолдаушы интернационалистер аяқ астынан пайда болып, тұтас ел екі дай болды.

Сонымен, ағайын, әр кезде қабылданған үш нұсқаны да ақымақтар жасаған жоқ! Тек солардың оң мен терісін айырып, QWERTY-ГЕ сыйып кететін, әліпбилік өзгеріс қаржылық шығын әкеліп, бюджеттен бөлінген ақша талан-таражға түспейтін қосарлы және жеке  әріптерден тұратын 31 әріптік әліпбиімізді бізді бағып отырған өзге мемлекеттерге күлкі болмай, өмірге әкеле білейік. Қазір а, б, д, е, г, і, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, ы және ф, х, в сынды жеке әріптердің басы ашылды. Енді қалған 6 қосартаңбалануды қажет ететін әріптің (ә, ң, ғ, ү, ө және и-дің) қалай жазылуы жұрт болып ойласар дүниеміз.

Біз тек QWERTY-ДІҢ талабына толық жауап беретін бірінші нұсқада берілген диграфтарды жетілдіріп, ондағы кеткен қателікті түзетуге тиіспіз. Әуелі бәрін таңбалайтын QWERTY-лік әріпке қолжеткізу, одан кейін олардың айтылып-жазылуы дегенді есте ұстайық. 

Осындай жұртқа ой салар тамаша нұсқаларды өмірге әкелген үш бірдей әліпби жобасын жасаған авторлар ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. «Көш жүре түзеледі» дейді атамыз қазақ. Сіздер QWERTY-ге лайықты әмбебап әліпби түзей алумызға мұрындық бола алдыңыздар. Ұлт алдындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Қандай мақтауға болсын тұрарлық жансыздар!

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

61 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502