Сенбі, 23 Қараша 2024
2446 1 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:33

Путин "норман төрттігі" саммитіне дейін Зеленскиймен кездесуге құлық танытпады

Ресей президенті Владимир Путин. Бөлісу Пікірлерді көріңіз Принтерден шығару Ресей президенті Владимир Путин "норман төрттігі" саммитіне дейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспейтінін айтты. Бұл ақпаратты Кремль сайтына сүйенген Ресейдің ақпарат құралдары хабарлады.

"Норман форматы" бойынша өтетін саммитке дейін кездесу жайлы мәселе қозғалған жоқ. Себебі "норман төрттігі" бойынша ғана кездесеміз деп келіскенбіз. Ал егер кездесетін болсақ, онда әбігер болып, дайындалмаған кездесуге жүгірудің не қажеті бар. Меніңше, бұған ешкім де мүдделі емес: мен де, Зеленский де. Біз қандай да бір нәтижеге қол жеткізуіміз керек қой" деді Владимир Путин.

12 қарашада Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин арасында Нұр-Сұлтан қаласында келіссөз өткізуді ұсынған болатын. Сол күні "Астана клуб" форумында сөйлеген Назарбаев "Егер олар (Путин мен Зеленский – ред.) кездесуге бейтарап жер іздесе, Қазақстанды ұсынамын" деген.

Кремль Назарбаев ұсынысына ыңғай білдірмеді, ал Украинаның сыртқы істер министрлігі кездесу жайлы Путиннен ұсыныс түспегенін айтты.

"Норман төрттігі" саммиті - Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

Ресей мен Украина арасы 2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін ушыққан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502