Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 6325 44 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:47

Текті өзгерту - отарсызданудың һәм ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды қадамы

Халықаралық Адам институты 2011 жылы Президент пен Үкімет мүшелеріне, «Ел түзелу үшін алдымен қазақ тегін түзету керек. Ол үшін биліктегілер тектеріндегі бодандық кезде енген «ов», «ев»... жалғауларын «ұлы», «тегі» т.б. алмастыруы қажет. Себебі, отарлану кезінде енген жалғаулар адамның бодан, не құл екенін білдіреді. Ал, санасы бодан адам азаттық үшін күресе алмайды» деген мағынада жазған хатқа, «Мәселені ойланып жатырмыз» деген екіұшты жауап келген.

Біз АДАМ болу керек десек, олар ойланайық дейді. Мына түрмен тоғыз жыл емес, 90 жылда да қазақтың тегінің яғни қазақтың түзелуі қиын.

2015 жылы күзде Астанадағы Мемлекеттің тарих институтында оншақты елден ғалымдар қатысқан ғылыми-конференция өтті. Сөз бергесін кафедраға шығып қарасам залда негізінен жастар отыр екен. Соларға арнап, «нағыз тарихшы-шежірешілер ұлтының өткен он мың жылдық тарихын біледі және болашақ мың жылды болжай алады. Мысалы, 1690 жылдары, осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын орыстар шежіреші Қадырғали Жалаириді тұтқындап өмір бойы үйқамақта ұстаған. Неге? Себебі, ақын, не батыр емес, ол халқының өткен тарихы мен болашағын айтатын шежіреші. Халықтың көзін ашатын тарихшылар отарлаушылар үшін ең қауіпті. Тарихшы Бекмахановтың тағдыры да осындай...

Сіздер нағыз тарихшы болу үшін алдымен тектеріңді өзгертіңдер. Себебі, адамның есімі мен тегі оның және ұлтының тағдырын анықтайды. Тектерің «боданбаев» болып тұрып, сендер елге ұлағатты сөз айта алмайсыңдар. Өйткені өздерің де құлсыңдар. Құлдан көсем де, шешен де, шайыр да шықпайды...» дегенді айтып трибунадан түсіп едім. Әртүрлі реплика басталды. Біреулер, «текті қазақшаға өзгерткенде аты қайсы, тегі қайсы екенін ажыратпай адам шатасады» т.б., бізге қазақ болғаннан гөрі осы бодандығымыз ыңғайлы деген тоқсан сылтау...

Осы, тек өзгерту туралы заң 1996 жылы шыққаннан бергі 23 жылда қазақтың 23%-ы өз тектерін өзгерткен жоқ яғни тексіз, мәңгүрт, есалаң болып қалуда.
Мемлекет құрушы ұлт қазақ өз тегін түзетуге құлқы болмай тұрғанда бұл мемлекеттің түзелуі екіталай.

Бұл тексіздіктің елге кері әсерін ресми биліктегілердің, дипломаттардың шетелге барғанда орысша сөйлеуі, Парламенттің мемлекеттік тілде заң шығара алмауы... осының бәрі қазақтың тексіздерге дес беруінен болған, мемлекет дамуына тікелей кедергі болып отырған тірлік.

Көне Римде әр жақтан келген, тектерін білмейтін құлдарды ажырату үшін нөмірлеп таңба соққан, қазақ сондай таңбаны айыру үшін малға салған.
Сонда, біздің қоғамдағылардың құл мен малдан айырмасы неде?!

Мұстафа Шоқай (1927ж.), «отарлаушылар алдымен жер аттарын, одан кейін адамдардың тектерін өзгертеді және орыс тілінде мектептер ашып онда қыздарды оқытуға тырысады. Себебі, ана тілдерін білмейтін болашақ аналардың ұрпақтары да өз тілдерін білмейтін болады...» дейді.

Бұл жерде біз, текті өзгерту - ол отарсызданудың маңызды қадамы және ұлттық сананы қалыптастырудағы негізгі қадам екенін көреміз.

Әділет минстрлігі де осы текке байланысты заңды қайта қарап, жаңа үлгідегі тектің жазылуын реттеу керек. Мысалы, жапондар алдымен өз аттарын кіші әріппен, содан кейін тегін түгелдей үлкен әріппен, одан кейін әкесінің аттарын кіші әріппен жазады. Бізге де сондай қылып өзгертсе біраз мәселе шешіледі.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

44 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377